«Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залында хронологиялық түрде 1991 жылдан бастап Республикамыз Тәуелсіздік алған кейінгі теңге үлгілері, Атырау облысының тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық дамуын бейнелейтін мекемелер, ҚР мемлекеттік рәміздері-Елтаңба, Ту, Әнұран, ҚР Президентінің Штандарты, облыстағы инновациялық жобалар, Ассамблея шаңырағының астына жиылған Атырау облысында тіркелген этно-мәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігі, жәдігерлері орын алған.