Осы кәсіби мереке қарсаңында Кембридж университетінің докторы, Макдональд атындағы археологиялық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ребекка Робертс және Кембридж университеті археология кафедрасының PhD докторанты Салтанат Амир Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, музей археологтарымен кездесіп, іс-тәжірибе алмасты. Кездесу барысында музейдің археологиялық залдарын аралап, асқан қызығушылық танытты.