«Абай ұлттың айнасы»

Бүгін 10 тамыз – Абай күніне орай Абай ескерткішінің алаңында «Абай ұлттың айнасы» атты салтанатты шара өтті.

Шара барысында Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің ғылыми қорынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Аталған көрмеде Абай Құнанбайұлының жеке тұтынған үш шекті тұмар домбырасы мен тоғызқұмалақ тақташасының көшірмесі, 1949 жылы төте Араб һаріпімен жазылған М.Әуезовтың «Абай» романының түпнұсқа кітабы және XIX-XX ғасырларда қолданған ағаш ыдыстар жиынтығы, тері ыдыстар жиынтығы, ат әбзелдерінің түрлері қойылып, көрермендер асқан қызығушылықпен қарады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru