«Таскешу»

«Таскешу» керуен-сарайына Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі ұйымдастыруымен 29 мамыр мен 17 шілде аралығында археологиялық қазба жұмыстары атқарылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Мемлекеттік  мекемесінен 2023 жылы 24 наурызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне алынған «Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүргізу» Лицензиясы негізінде қазба жұмыстары жүргізілді.

Қазба жұмыстарының жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері қатынасты және қазба жұмысына Кенбай ауылынан жұмысшылар алынды. Барлығы 30 ға жуық адам қатынасты.

Таскешу керуен-сарайы Атырау облысы, Мақат ауданы, Кенбай ауылынан оңтүстік-батыста 16 км жерде Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан ортағасырлық ескерткіш.

Бұл тарихи кешен Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қалашығынан шығып, Орталық Азияға апаратын ескі Ноғай керуен жолында сауда керуендеріне қызмет еткен.

Археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде керуен сарайдың қақпа бөлігі және шығыс, солтүстік бөлігінде орналасқан сарай бөлмелері толықтай (14 бөлме, 3 мұнара Суфа, тандыр ошақ пештері) ашылып жалпы көлемі 800 м кв аумағында топырақ алынды. Керуен сарайдың қақпасы толықтай ашылды.

Сонымен қатар керуен сарай аумағынан казба барысында 30-ға жуык Алтын Ордалық монеталар (күміс, қола)оның ішінде (4 күміс), (Тоқтамыс, Өзбек хан, Жәнібек ханның ) керамикалық ыдыс фрагменттертері, моншақ бөліктері, шығыр бөліктеры, әртүрлі  іздер қалған Алтын Ордалық стандартты кірпіш тастар анықталды.

Сағыздың ескі арнасынан Таскешу керуен сарайынан солтүстік жағында 1,5 км жерде Алтын Орда кезеңіне жататын мекен-жайлар, үйлердің орындары табылды. Бұл Таскешу керуен сарайының тұрғындары болуы мүмкін. Ол жерден 5 күміс теңгелер, қола тиындар анықталды. Ол монеталарда Алтын Орда хандарына тиесілі.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru