«Музей қорындағы техникалық - механикалық бұйымдар коллекциясы»

18 мамыр «Музей түні» іс-шарасында «Музей қорындағы техникалық - механикалық бұйымдар коллекциясы» уақытша көрмесі жасақталып, халық назарына ұсынылды.

Аталған көрмеге радиола «Кантата-203», «Сапфир 23 ТБ-307» теледидары, мекемелерде ішкі телефон байланыстары үшін қолданылған, 1989 жылы шығарылған ТА-68 ЦБ-3Ш телефон аппараты, кеңестік кезеңде мекеме ішілік жедел телефон байланысын орнату мақсатында 1980-1985 жылдары пайланылған «УОТС. Кристалл-70» телефон аппаратты, «Спорт», «ФЭД 3», «ФЭД 5», «ZENIT», «Зенит-Е», «Зоркий 4», «SKINA.SK-444», «Чайка ІІ», «Смена 8М», «Любитель-166» фотоаппараттары, «TOSHIBA», «SONY» магнитофондары, «Россия-РП-203-1», «Вега-404», «Нейва-402», «Кварц-404» радиоқабылдағыштары, бейнекамералар, бинокльдар, дыбыс күшейткіштер, патефон, «Янтарь» жар сағаттары, үстел сағаттары, механикалық-кемелік теңіз сағаты, барлығы 56 дана жәдігер қойылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru