Отан қорғаушылар күніне арналған көрме

5 мамыр күні  Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай көрме жасақталды.

Ұлы Отан соғысында қайталанбас ерлік жасаған перзенттеріміздің батырлығын кейінгі жас ұрпаққа насихаттауды көздеген көрмеге Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыз ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың жеке құжаттары, соғысқа байланысты заттай жәдігерлер, майданнан жазылған үшбу хаттар қойылды.

Көрмені тамашалауға келегендерге Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы Ғалия Назарбекова қойылған жәдігерлер туралы толымды таныстырылым жасады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru