«Қазақ дала өркениетінің мәдени коды»

2023 жылдың 13 сәуірінде ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ дала өркениетінің мәдени коды» тақырыбымен 2026 жылы Францияның Лувр музейінде халықаралық көрме өткізу жобасын іске асыру бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Ораловтың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган басшылары және облыстық музей директорларының қатысуымен жиын өтті.

Оның жұмысына Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы М. Кипиев қатысты.

Жиында аталған халықаралық көрменің тұжырымдамасы жан-жақты талқыланды.

Көрмеге республикалық музейлермен қатар, облыстық музейлердің қорларында сақталған бірегей музейлік құндылықтарды да апару жоспарланған.

Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы А.Ж. Сыдықовтың төрағалығымен облыстық музейлердің директорларымен өткен жиынның екінші бөлімінде музей директоры М. Кипиев сөз алып, өз ой-пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, сол күні жиынның алдында Ұлттық музейде ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының салтанатты ашылуы болып өтті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru