17 наурыз "Тарих күніне" орай «Мен егеулі найзамын егескенге» тақырыбында әдеби шара өтті

17 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық, тарихи қорық-музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған 10 күндік аясында Тарихқа тағзым күні Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған «Мен егеулі найзамын егескенге» тақырыбымен әдеби шара болып өтті.

Шараның мақсаты ержүрек батыр, өр рухты ақын Махамбет мұрасын ұрпақтан ұрпаққа насихаттау.

Әдеби шараға Махамбет атындағы орта мектептің кезекші сынып және онлайн режиде оқитын 5-8 сынып оқушылары мен ұстаздары қатынасты. Шара барысында ақынның «Жақия», «Өкініш», «Мен мен, мен едім», «Күн қайда?», «Мінгені Исатайдың Ақтабан ай» және т.б өлеңдері оқылып, Махамбет Өтемісұлының ақындық қасиеті жөнінде бейнеролик тамашаланды. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен ролі баяндалды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru