«Жас экскурсоводтар» клубы жұмысы қарқынды жүргізілуде

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Жас экскурсоводтар» клубы  қазіргі таңда өз жұмысын қарқынды жүргізуде.

Атап айтсақ, 2020 жылы кіл қала мектептерінің оқушыларынан құрылған үйірме еліміздегі карантиндік режимнің күшеюіне  байланысты жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде үйірме мүшелері музей залдарымен қарқынды жұмыс жасау үстінде.

Ағымдағы жылда музей үйірменің бағытын кеңейтіп, ендігі жолы облыс аумағында орналасқан орта білім ордаларының студенттерін жинақтады. Оқу бағдарламасының күрделілігіне қарамастан, клуб мүшелері әр аптаның жұма күні тұрақты түрде ZOOM бейне-байланыс платформасы арқылы өз қалауларымен таңдап алған музей залдарында үш тілдегі экскурсиялық мәтінмен жұмыс жасап, экскурсиялық қызметтің бағытын үйреніп жатыр.

Рухани жаңғыру жолында туған жерді сүюге, оның тарихын құрметтеуге, өзгелерге мақтанышпен айта білуге дағдыланған жас экскурсоводтар алдағы уақытта музейден алған тәжіребиесімен өз қатарының алды болады дегенге нық сенімдеміз.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru