«Жас экскурсовод» клубы жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2013 жылдан бастап  «Жас экскурсоводтар» клубы жұмыс жасап келеді.  Ондағы басты мақсат – жас ұрпаққа ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері ретінде туған өлкеміздің тарихын  таныстыру арқылы,  өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру,  мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру және халық алдында именбей сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, сөздік қорын байытуға,  жалпы экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету.

         Қуантарлығы «Жас экскурсовод» клубына қатысам деушілердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Мысалы, 2018 жылы клуб құрамында 15 оқушы болса, 2019 жылы барлығы 22 оқушы болған. Ал биылғы жылы - оқу бағдарламасының қиындығына қарамастан музей жұмысына қызығып  «экскурсовод болғым келеді» деген 10  жас пен 16 жас аралығындағы барлығы 30 оқушы ерікті түрде  клуб құрамына қабылдады. Атап айтсақ:

-         №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназия

-         С.Мұқанов атындағы №10 орта мектеп;

-         Ф.Досымова атындағы №12 орта мектеп;

-         №17 мектеп-лицейі;

-         Үш тілде оқытатын «Дарынды балаларға» арналған мамандырылған  №30 мектеп-гимназиясы;

-         №36 орта мектеп;

-         №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп;   

Қаңтар айында өз жұмысын бастаған клуб мүшелері қазіргі уақытта еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде жұмыс атқаруда. «Жас экскурсовод» клубы жұмысының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері толық ақпарат клуб жетекшісі, Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы Ғалия  Назарбекованың видео-дәрісінде 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru