"Ұлтқа ортақ - ұлы тұлғалар"

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы Айдана Мурсалимова сәуір-мамыр айлары аралығында Атырау өлкесінен шыққан ұлы тұлғаларды көпшілікке насихаттау мақсатында "Ұлтқа ортақ - ұлы тұлғалар" тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. 

11 сәуір күнгі дәріс Нұрмұхан Жантөрин, Фариза Оңғарсынова және Ерік Құрманғалиев сынды өнер майталмандарына арналса,  

 

 

23-ші сәуір күнгі дәріс Қазақ жырының тұңғиығы, көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов пен қазақтан шыққан жалғыз ұшқышы-әйел, жауынгер, батыр Хиуаз Доспановаға арналды. 

 

18 мамырдағы дәріс «Парасат биігіндегі тұлға» тақырыбында Атырау облысын көп жылдар басқарған мемлекет және қоғам қайраткері, елге басшы болып қана қоймай, парасат биігімен халқының есінде сақталған ардақты жан – Оңайбай Көшековке, 

 

 

12 маусымдағы дәріс «Ұлылықтың үлгісі – Уәли Жайықов» тақырыбында Уәли Жайықовтың 105 жылдығына орай өткізілді.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru