Қала күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» мерекелік шарасы

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қала күніне  орай 2017  жылғы  6 қазанда  19.00 - 23.00 сағат аралығында  «Музей түні» мерекелік шарасы өткізілді.

Ашылу салтанаты «Музей түні» шарасының арнайы қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еуразия Жазушылар одағының (Түркия) мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің Гран При иегері, Халықаралық Түркітілдес елдер поэзиясы фестивалінің жеңімпазы Маржан Ершудің оқырмандарымен кездесуімен басталды.

Шара барысында музей қонақтарына  музей қорындағы қаланың ескі суреттерінен «Атырау кеше және бүгін» фотосуреттер көрмесі, қала тарихына байланысты бейнематериалдардан кинокөрсетілім, келуші көрермендерге «Жылдар сөйлейді» қала тарихына қатысты атаулы жылдардан викториналық сұрақтар, «Алтын сандық» танымдық ойыны (өлкемізден шыққан өнер иелері мен ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау), зергер, қолөнер шебері Қайрат Шапабаевтың зергерлік бұйымдарынан шеберлік сағаттары және т.б. қөлөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, 2017 жылы Миялы, Ақтөбе-Лаэти, Сарайшық қалаларына ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Музейдің «Этнография» залында киіз үй интерьерінде қазақтың өзіне тән жүн түту, иіру, өрмек тоқу көрінісі, «Қыздың көркі шаш» дегендей шаш өру, бұрым қою мастер класы ұйымдастырылып, көрермендер музей қорындағы тарихи тұлғалардың киімдерімен, қару-жарақтарымен фотоға түсті.   

Мерекелік шараға  қалалық тілдерді дамыту және мәдениет басқармасының басшысы А.Аманбайұлы, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, қала қонақтары, студенттер,  БАҚ өкілдері қатынасып, музейдің экспозициялық залдарын тамашалап, естелік фотосуретке түсті.

Шараға барлығы - 280 көрермен қатынасты.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru