Жазушы Жұмабай Шаштайұлы мен ақын Рафаэль Ниязбековпен өткен кездесу кеші

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 27 шілде 2017 жылы сағ:10.00-12.00-де Мәдениет және өнер қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында  «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде құрылған насихаттық топтың мүшелері, жазушы  Жұмабай  Шаштайұлы  мен ақын  Рафаэль  Ниязбековпен   кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кеші Елбасымыздың мақаласын халыққа жеткізу мақсатында өтті. Кездесу барысында Рафаэль Ниязбеков пен Жұмабай Шаштайұлы Елбасы мақаласы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, өз шығармашылықтарынан  өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорынан Рафаэль Ниязбеков пен Жұмабай Шаштайұлының шығармашылығынан көрме жасақталып, көрмеге 50 дана кітап пен газет материалдары қойылды. Қонақтарымызға Атырау халқы атынан ақын Гүлзада Ниетқалиева ыстық ықыласын білдірді.

Кездесу кешіне Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұржауұлы Жолаев бастаған  мәдениет және өнер қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатынасты. Кездесу кешінің соңында Рафаэль Ниязбеков музей ұжымына өз ризашылығын білдіре отыра, «Армысың, ару дүние» кітабын сыйға тартты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru