«Қазақтың ұлы және дарабоз дирижері» атты тарихи-тағылымдық сабағы

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі КСРО және Қазақстанның халық әртісі, дирижері ҚР Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты, профессор, Шамғон Қажығалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай 2017 жылғы 20 маусым сағ: 15.00-де Атырау қаласының оқушылары орталығына «Қазақтың ұлы және дарабоз дирижері» атты тарихи-тағылымдық сабақ ұйымдастырды.

Сабақ жас ұрпақ санасына КСРО жәнеҚазақстанның халық әртісі, дирижер Ш.Қажығалиевтің өмірі, шығармашылығы туралы таныстыру арқылы, жас буын өкілдерін өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Шамғон Қажығалиев 1927 жылы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында  дүниеге келген. Ата- анадан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Ол он жасында облыстың балалар олимпиадасының жеңімпазы атанды. Жастайынан қара домбыраға ауған әуестігі оны 50- ші жылы Алматыға жетелеп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияға түсіп, Халық аспаптары сыныбында оқып опера- симфония дирижері мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын оркестрде домбырашы болып бастағанымен, кейін дирижерлікке түбегейлі бет бұрды.1960-1971 жылдары Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы және бас дирижер қызметін атқарды.Шамғон Қажығалиев оркестр музыканттарының орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шындай түсті. Ш.Қажығалиевтың басқаруымен оркестр М.Гменка, Л.Бетховен, В.Моцарт, Т.Берлиоз, П.И.Чайковский, С.В. Рахманинов т.б. композиторлардың шығармаларын орындады. 1988 жылы Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі осы кісінің жетекшілігімен құрылған. Ш.Қажығалиев көптеген шетелдік сапарларында қазақ музыка өнерінің көркемдік әсерін кеңейтті.  Ш.Қажығалиев 2015 жылы өмірден өтті.Сабақ барысында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, дирижеріШ.Қажығалиевтың өмірдеректері, шығармашылығы  туралы айтылып дирижер туралы слайд көрсетілді. Сабақты Атырау қаласының оқушылар орталығында  жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми – зерттеу бөлімінің маманы Б.Аймуханова өткізді. Дирижерге арналған тарихи – тағылымдық сабақтың оқушылар арасында өткізілуі оларға мол тәрбие беріп, өнерге деген қызығушылығын арттыра түседі деп көркемдік жетекші Әсем Ілиясова  өз пікірін айтып, музей ұжымына алғысын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru