«Туған жер-тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында Атырау қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері бойынша өткізілген квест интеллектуалды байқауының ақтық кезеңі

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2017 жылы 24 сәуір күні сағ: 14.00 де  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында Атырау қаласының тарихи және мәдени ескерткіштері бойынша квест интеллектуалды байқауының ақтық кезеңін өткізді.

Квест – байқау жас ұрпаққа еліміздің және өңіріміздің тарихын  насихаттау,қаланың тарихи, мәдени ескерткіштері мен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңдері 2016 жылдың қыркүйек және 2017 жылдың сәуір аралығында жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінен құралған 13 топ  арасында өткізілді. Өздерінің білімдерін сынап, музейдің экспозициялық залдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп сайысқа түскен топтар арасынан ақтық кезеңге Атырау Агротехникалық колледжі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау сервис колледжі, Атырау Энергетика және құрылыс колледжі жолдама алды.

Квест – байқауының ақтық кезеңі Атырау қаласы шеңберінде орналасқан 15 тарихи және мәдени ескеркіштер: «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанова, сұлтан Бейбарыс, «Алаш Орда» партиясының өкілі Халел Досмұхамедов, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев, халық батырлары Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы, домбырашы Дина Нұрпейісова, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова, ҚР әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденов, Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев, Ауған соғысы ескерткіші, күйші Құрманғазы Сағырбаев, Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов, Кіші жүз биі – Әйтеке би туралы жасақталған сұрақтар бойынша өткізілді. Квест – байқауының қатынасушылары берілген сұрақ бойынша жасырылған ескерткішті тауып, қосымша сұрақтарға жауап беріп, олардың жауабын әр ескерткіш жанында тұрған музей мамандары бағалады. Қатынасушы топтар үшін екі бағыт дайындалып, жауабының дұрыстығы, қозғалыс жылдамдығы да ескерілді. «Қазақстан – Атырау» телеарнасының қолдауымен байқауға қатынасушы топтарға жеке бейне операторлар бекітіліп, бейне таспаға түсірілді. Байқауды телевизиялық жоба ретінде «Қазақстан - Атырау» телеарнасынан арнайы бағдарлама көрсетілу жоспарлануда.

Квест – байқауының жеңімпазы атанған Атырау Энергетика және құрылыс колледжі студенттері Астана қаласына ҚР Ұлттық музейіне жолдаманы ұтып алды. Екінші және үшінші орындарға ие болған топтар Атырау облысында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерге саяхатқа бару мүмкіндігін иеленді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru