«Сен Атырау тарихын білесің бе?» тақырыбындағы танымдық экскурсия

2016 жылы 6-10 маусым аралығында «Сен Атырау қаласының тарихын білесің бе?» тақырыбында оқушыларға ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын дамыту мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Мұражайға мектеп жанынан ашылған жазғы демалыс лагерьлері, атап айтқанда И.Тайманов атындағы, №21 Ж.Жабаев атындағы, Қ.Сатпаев атындағы, №35 мектеп-гимназиясының, №7 М.Әуезов атындағы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің, №34 линвистикалық мектеп-гимназиясының және Қазақ-түрік лицейінің оқушылары қатынасты. «Империя талантов» білім беру орталығының, «Маша и медведь», «Айшинай» балабақшасының бүлдіршіндері, «Тағылым», «Балауса» жазғы лагерінің демалушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар, «Атамекен» өлкетану-туристік жорықтың мүшелері қатынасты.

Барлығы 23 экскурсия жүргізілді, 404 оқушы, 63 балабақша бүлдіршіндері қатынасты.

«Сен Атырау тарихын білесің бе?» тақырыбындағы танымдық экскурсия. 6-10 маусым 2016

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru