11 ақпанда "Атырау" ойын-сауда орталығында Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға салынған "Сөйле, сурет" атты графикалық көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді

11 ақпанда "Атырау" ойын-сауда орталығында Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға салынған "Сөйле, сурет" атты графикалық көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқан, "Ақ босаға" газетінің бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызы және мәдениет мекемелерінің басшылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің студенттері, мұражай қызметкерлері, қала қонақтары, БАҚ өкілдері, барлығы – 150 адам қатынасты.

Алғы сөз облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқанға жолданып, көрменің лентасын еңбек ардагері Р.Мурсалиева мен көрме туындыларының авторы Аңсаған Мұстафа қиды. Аталған көрмеге 52 сурет қойылды. Әлеуметтік тақырыптарға салынған "Сөйле, сурет" графикалық көрмесі 11 – 14 ақпан аралығында "Атырау" ойын-сауда орталығында, 15 - 20 ақпан аралығында "Тамаша " ойын-сауық орталығында Атырау тұрғындары мен қонақтарына таныстырылып, көрмені барлығы, 3725 көрермен тамашалады.

"Атырау" ойын-сауда орталығында Аңсаған Мұстафаның әлеуметтік тақырыптарға салынған "Сөйле, сурет" атты графикалық көрмесінің ашылу салтанаты.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің белгілі суретші, иллюстратор, блогер Аңсаған Мұстафаның көрмесімен танысу сәті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru