24 ақпанда мұражай қорынан «Археология» эксозициялық залында «Қылыш қорғаны» атты көрме ұйымдастырылды

24 ақпанда мұражай қорынан «Археология» эксозициялық залында «Қылыш қорғаны» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Атырау облысы, Индер ауданындағы Қылыш қорғандар тобынан археологиялық қазбалар кезінде табылған 72 дана жәдігер көрермендер назарына ұсынылып, сармат тайпасы туралы, сармат қоғамындағы әдет-ғұрып, діни наным-сенім, жерлеу рәсімі туралы баяндалды.

Көрмеге Атырау агротехникалық колледжінің студенттері, «Музей жұмысын ұйымдастыруда жаңа жобаларды қолдану тәсілдері» тақырыбындағы аймақтық семинар-тренингке қатынасушылар, мұражай қызметкерлері қатынасты.

«Қылыш қорғаны жәдігерлері» атты көрме экспозициясын таныстыру сәті. 24.02.2016 жыл.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru