Мұражайдың тарихи оқиғалар жылнамасы

1939 жылы 22 шілде – Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Гурьев облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің № 23 санды «Облыстық музейдің ашылуы туралы» қаулысы шығарылды.

1940 жылы 5 қараша – 207 шаршы метрлік бұрынғы орыс шіркеу үйі орнында алғашқы көрермендерін қабылдады. Орджоникидзе (Әйтеке би) көшесіндегі № 14 үй.

1953 жылы 28 сәуір Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының «Гурьев облыстық Мәдениет басқармасын құру туралы» қаулысына байланысты маусым айынан бастап мұражай облыстық Мәдениет басқармасы қарамағына енгізілді.

1974 жылы «Гурьевский областной музей» атты алғашқы экспозициялық залдары туралы сілтеме шығарылды.

1978 жылы мұражай ғимаратының ауданы қосымша құрылыс есебінен 900 шаршы метрге кеңейтілді.

1978 жылы КСРО Ғылым Академиясының археология институтымен біріккен түрде Ақтөбе қалашығына қазба жұмыстары жүргізілді.

1978 жылы Бірінші Гурьев Совдепшілері мүшелерінің жақын туыстарымен еске алу кеші өткізілді.

1978 жылы «Мәңгілік алау» жанында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

1979-1980 ж.ж. «Казмузейреставрация» шеберханасы мамандарының көмегімен, мұражайда жаңа үш экспозициялық және бір көрме залы жасақталды.

1980 жылғы 22 тамызда Қазақстан компартиясы және Қазақ КСР-інің 60 жылдығына орай мұражайда жаңа экспозиция ашылды.

1983 жылы Мұражай жанынан «Ән-мұра» фольклорлық ансамблі құрылды.

1985 жылы Ұлы жеңістің 40 жылдығына арналған мұражайлардың ғылыми-ағарту жұмыстары туралы облыстық байқау өткізілді.

1986 жылы облыстық мұражайдың Ембі (Жылой) ауданы, Құлсары поселкесінде тарихи-өлкетану мұражайы, Теңіз (Құрманғазы) ауданы орталығы Ганюшкинода, Мақат ауданының Доссор поселкасында бөлімшелері және 18 қоғамдық мұражайлар жұмыс жасады.

1986 жылы облыстық партия комитетінің тапсырмасымен Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар селосында Қ.Сағырбайұлының мемориялдық мұражайының ашылуына Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайларының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті.

1986 жылы Махамбет қоғамдық мұражайы М.Өтемісұлы атындағы тарихи-мемориалдық мұражайы болып ашылды.

1987 жылы Махамбет, Балықшы аудандарына, Теңдік «Аспа» сауын комплексіне, «Автомоблист» сауықтыру санаториясына жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

1988 жылы мұражай ғимаратына екінші рет кеңейту құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 248 шаршы метр тұрақты көрме залы ашылып, мұражайдың жалпы көлемі 1423 шаршы метрге жетті.

1989 жылы маусымда Ресейдің Астрахань облысының Володар, Красный-Яр ауданында Ұлы күйші Қ.Сағырбайұлының өмірі мен өнеріне байланысты құжаттардан, зергерлік және қолөнер бұйымдарынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.

1989 жылы негізгі бөлігі тарихи-архитектуралық ескерткіштер құрамына енгізілген, облыстық мұражай жанындағы Червяков көшесінде орналасқан мекеме үйі қосымша алынып, бұл ғимаратта кітапхана және ғылыми қызметкерлердің жұмыс кабинеттері орналасты.

1990 жылы қарашада мұражайдың 50 жылдық мерейтойы тұңғыш рет аталып өтті.

1991 жылы 21 қыркүйекте И.Тайманұлының 200 жылдығына орай Исатай ауданы, Аққыстау поселкасы орталығында И.Тайманұлы тарихи мұражайы ашылды. Мұражай экспозициясын Алматыдағы «Казмузейреставрация» шеберханасының мамандары жасақтап, облыстық мұражай қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті.

1991 жылы қоғамдық және облыстық мұражай қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі өткізілді.

1991 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Қазақ елі» газеті шығарылды.

1992 жылы 27 қыркүйек - 5қазан аралығында өткен Бүкілдүниежүзілік қазақтарының бірінші Құрылтайына Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайынан қазақ халқының қолөнер және зергерлік бұймдарынан көрме ұйымдастырылды.

1992 жылы Теңіз (Құрманғазы) ауданындағы мұражай ғимараты өңделіп, Астрахань Суретшілер одағының мамандары экспозицияны қайтадан жасақтады.

1992 жылы жерлесіміз жазушы Ғ.Слановтың 80-жылдығына орай, Қызылқоға ауданындағы мұражай қайтадан өңделіп жасақталды.

1992 жылы батыр-би, С.Датұлына арналған «Қазақ бұқарасының ұлт-азаттық қозғалыстары» атты көрме ұйымдастырылды.

1992 жылы Өлкемізде өмір сүрген ақын-жыраулардың өмір, өнер, жыршылық жолдарын насихаттайтын «Асыл мұра» атты тұрақты көрме жасақталды.

1992 жылы «Тарихшы», «Жас натуралист», «Өлке танушылар» атты үйірмелер жұмыс жасады.

1992 жылы қаладағы «Мирас» өлкетану саяхатшылары клубы мүшелерімен біріккен Сарайшық орта ғасырлық қалашығына археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.

1993 жылы Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Армысың, музей» атты апталық өткізілді.

1993 жылы «Тірлігің де тілегің де - тіліңде» атты мәдени шара өтті.

1993 жылы «Қош келдің, Наурыз!» атты көшпелі көрме жасақталды.

1993 жылы «Атамекен» апталығы өткізіліп, бұл апталыққа Алматыдағы арнайы оқу министрлігінен келген қонақтар қатынасты.

1993 жылы мұражай құрамына Теңіз (Құрманғазы), Индер, Исатай аудандарындағы бөлімшелерімен, Махамбет ауданындағы Сарайшық және қаладағы «Әскери даңқ» мұражайы секторлары енгізілді.

1996 жылы қарашада мұражай қызметкерлерінің облыстық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.

1998 жылы маусым айында жаңа астананың салтанатты ашылуына орай Астана қаласында мұражай жәдігерлерінен көрме ұйымдастырылды.

1998 жылы желтоқсанда Біріккен ұлттар ұйымының құрылған күніне орай, Кіші өнер академиясында «Сарайшық – көне тарих көзі» атты аймақтық көрме ашылып, Сарайшық қаласы туралы көрме ұйымдастырылды.

1999 жылы 3 қыркүйекте мұражай Қазақстан мұнайының 100 жылдығына байланысты (жалпы көлемі 2027 шаршы метр, экспозициялық көлемі 916,72 метр) Б.Момышұлы көшесіндегі № 3 үйге көшіріліп, ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатынасты.

1999 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Батыс Қазақстан ғылыми экспедициясы жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе жерінен б.з.б ІІІ ғасырдан б.з. IV аралығындағы сармат көсемі «Алтын киімді адам» табылды.

2000 жылы «Алтын киімді» сармат көсемінің мүсіні қалыпқа келтіріліп, құнды жәдігер мұражай экспозициясынан орын алды.

1999-2000 жылдары Астрахань Мемлекеттік біріккен тарихи-архитектуралық музей-қорығы суретшілері мен шығармашылық тобы қызметкерлері мұражайдың экспозициялық залдарын жасақтады.

2000 жылы қыркүйекте Сұлтан Бейбарыстың туғанына 775 жыл толуына орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткізілген «Бейбарыс сұлтан және орта ғасырлық өркениеттегі орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда мұражай жәдігерлерінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2001 жылы 9 ақпанда «Өлке мәдениеті және әдебиеті» жаңа экспозициялық залы ашылды.

2001 жылы «Өлке тарихының өзекті мәселелері» атты кітапша шығарылды.

2001 жылы Бөкей Ордасының 200 жылдығына байланысты Атырау облыстық әкімшілігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен біріккен ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2001 жылы «Облыстық, аудандық, салалық мұражайлар жұмыстарының бағыттары мен міндеттері» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

2001 жылы Құрманғазы ауданында облыстық мұражай қызметкерлерінің көшпелі семинар-кеңесі өткізілді.

2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты «Азаттық жолындағы күрескер» атты И.Тайманұлының 200 жылдығына арналған батыр ұрпақтарымен кездесу кеші өткізіліп, «Исатай Тайманұлына -200 жыл» атты бүктеме шығарылды.

2002 жылы «Махамбеттің ерлік жолдарымен» атты кинофильм түсірушілер экспедициясы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Президент аппараты қызметкерлері, сол кездегі облыс әкімі Аслан Мусин және Махамбет ауданының бір топ делегациясы мұражайда болды.

2002 жылы Қаладағы №24 орта мектеппен өткен «Ел деп атқа қонған ерлерім» атты тарих және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясына мұражай қорындағы жәдігерлерден жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2002 жылы «Хан ордалы Сарайшық» мұражайында өткен Махамбеттің 200 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын» атты оқырмандар конференциясына мұражай қызметкерлері қатысты.

2002 жылы Махамбеттің 200 жылдығы мерейтойы қарсаңында «Атадан туған аруақты ер» атты мұражай қорындағы жәдігерлерден Алматы қаласында республикалық көрме ұйымдастырылды.

2002 жылы Махамбеттің туғанына 200 жыл толу мерейтойықарсаңында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау ммелекеттік университетінде өткізілген «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға мұражай қорындағы жәдігерлерден жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2003 жылы Қызылқоға, Жылыой аудандарында «Махамбет-жорық жолдарында» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы болды.

2003 жылы Махамбеттің 200 жылдық мерейтойын өткізуде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Индер ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Индер ауданында «Махамбет Өтемісұлы-күрескер ақын және сазгер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

2003 жылы «Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтерілістің рухы, ақын, сазгер» атты жинақ шығарылды.

2003 жылы Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына орай «Этноауыл» қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстанның Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларынан қолөнер шеберлері қатынасты.

2003 жылы Махамбет мерейтойы қарсаңында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының саз халық аспаптарын жасаудың шебері Мұса Әділ, Ықылас атындағы Республикалық халық аспаптар мұражайында сақталған М.Өтемісұлы домбырасының көшірмесін жасап, мұражайға тапсырды.

2003 жылы 14-16 мамырда Атырау қаласында мұражай қызметкерлерінің аймақтық-семинар кеңесі өткізіліп, конференция материалдарынан кітап шықты.

2003 жылы «Атырау табиғатының бүгіні және болашағы» атты экологиялық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, конференция материалдарынан кітап шықты.

2003 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші-модельерші Айжан Абдубайтова Жәңгір ханның әйелі Фатиманың камзолы, бас киімі және хан шапанының көшірмесін мұражайға табыс етті.

2003 жылы қазанда 2003-2005 жылдарды ауылды (селоны) түлетуге арналған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына орай «Ауыл жылына» байланысты «Ауыл тағдыры-ел тағдыры» атты көрме ұйымдастырылды.

2003 жылы Құрманғазы аудандық бөлімшесінің экспозициялық залдарын облыстық мұражай қызметкерлері қазіргі заманға сай қайтадан жасақтады.

2004 жылы мамырда 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша И.Тайманұлы тарихи мұражайында облыстық мұражай қызметкерлерінің «Музей - ғасырлар мұрасы» атты көшпелі семинар-кеңесі өткізілді.

2005 жылы Халықаралық мұражай күніне орай «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы 2001 жылы Ақтау қаласында өткізілген қайырымдылық шарасына арналған аукционда ұтып алған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың зерленген шапаны мен бас киімін мұражайға табыс етті.

2005 жылы тамызда мұражайдың 65-жылдығына байланысты «Тарих тұңғиығына саяхат» атты республикалық саяхатшылар сайысы өтті.

2006 жылы 8-15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысына «Ғасырлар қазынасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2006 жылы 28 қыркүйекте Меценат азаматтар Балжігітовтер әулетіне арналған «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл» атты мәдени шара өткізіліп, Мемлекет қайраткерлері және Парламент депутаттары Ә.Кекілбаевты, Ф.Оңғарсынова, КСРО еңбегі сіңген бапкер, спортшы Ә.Тұяқов және Ресейдегі «Жолдастық» қоғамының төрағасы Н.Искаков қатынасты.

2006 жылы Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Х.Ерғалиевтің 90-жылдығына орай «Жырдан мұнаралар соққан» атты тақырыптық көрме жасақталды. Көрменің ашылуына Алматыдан ұлы Мұрат, қызы Гүлжан, ақын Ақұштап Бақтыгереева қатынасты.

2006 жылы Музыка зерттеуші, тарихшы-ғалым, сазгер, дирижер, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, өнертану ғылымының докторы, Қазақ КСР Халық әртісі Ахмет Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ музыкасының Темірқазығы» атты көрме ашылды.

2006 жылы Ауыл жылын қорытындылауға байланысты «Ауыл-береке бастауы» атты мәдени шара өткізілді.

2006 жылы Жерлесіміз, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Мәкәлім Қойшыбаевтың 80 жылдығына орай, М.Қойшыбаев атындағы саз мектебімен біріккен «Есімі елге аян» атты мәдени шара өтті.

2006 жылы облыстық тарихи өлкетану мұражайының 65-жылдығына арналған«Өлке тарихының қасиетті мекені» атты кітап шығарылды.

2007 жылы Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық салт-дәстүрлер» атты мәдени шара ұйымдастырылып, деректі фильм дайындалды.

2007 жылы сәуірде Исатай ауданының Х.Ерғалиев ауылында ақын, қоғам қайраткері Х.Ерғалиевқа арналған мұражай ашылды.

2007 жылы сәуірде Ақтөбе облысына «Көне дүние күмбірі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мұражай қорын толықтыру, этно-мәдени мұраларды іздестіру, жинақтау мақсатында мұражай қызметкерлері Құрманғазы, Жылыой аудандарына ғылыми-экспедицияда болды.

2007 жылы Геолог Қ.Әлжанұлының 80 жылдығына арналған «Ембі мұнайының майталман геологы» атты мәдени шара өткізілді.

2008 жылғы сәуірде Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасының алғашқы ашылуына мұражай қорындағы жәдігерлерден «Жайық жағалауы сыр шертеді» атты көрме жасақталды.

2008 жылы Алашорданың 90- жылдығына орай «Алаш арыстары» атты көрме жасақталды.

2008 жылы 15 қарашада Төл теңгеміздің 15 жылдығына орай «Теңге тәуелсіздік нышаны» атты нумизматикалық коллекциялар жиынтығынан көрме жасақталды.

2009 жылғы 22-23 мамырда «Музей ісін дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында мұражай қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі өткізіліп, семинар-кеңес материалдарынан кітапша шығарылды.

2009 жылғы 9-11 қазанда Атырау облысы Мәдениет басқармасы және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Музей және Мәдени мұра: мәселелер, жетістіктер, болашақ жоспарлар» тақырыбында аймақтық семинар-кеңес өткізіліп, семинар-кеңес материалдарынан кітапша шықты.

2009 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасына орай «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекциясы» атты кітап альбомы баспадан шығарылды.

2010 жылы 20 сәуірде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы» атты жаңа экспозициялық зал ашылды.

2010 жылғы 23 сәуірде Түркістан қаласы «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының «Қожа Ахмет Яссауи мұралары» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

2010 жылғы қыркүйекте Атырау қаласының 370 жылдық тарихына байланысты «Тарихы терең қазыналы өлке» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

2010 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Атырау қаласының және Махамбет ауданының Құрметті азаматы Қаршыға Ахмедияровқа арналған «Күй-Қаршыға» атты көрме ұйымдастырылды.

2010 жылғы 20 қыркүйекте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қаржыгер Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаевтың 100 жасқа толуына орай «Алаштың ардақтысы Атамбаев» атты көрме ұйымдастырылды.

2010 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Поэзия әлемінің жарық жұлдызы» атты көрме ұйымдастырылды.

2010 жылғы 26 қазанда Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайының «Гурьевте өткен жеті жыл» атты 1957-1962 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Н.Д.Оңдасыновқа арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды.

2010 жылғы 26 қазанда ҚР Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 75 – жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Қыран қиясы» атты көрме өткізілді.

2010 жылы қарашада Бөкей Ордасының І және ІІ Теңіз округінің әкімі, ағартушы, этнограф Мақаш Бекмұхамедовтың туғанына 180 жыл толуына орай «Заманының заңғары, Еділ мен Жайық ардағы» атты көрме өткізілді.

2010 жылы қарашада «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ғылыми қорды этнографиялық және тарихи жәдігерлермен толықтыру мақсатында Жылыой ауданына ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.

2010 жылы 10 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші Мекес Төрешевке арналған «Нарыннан шыққан дарын» атты көрме ашылды.

2010 жылы 25 қарашада Ресей федерациясының Астрахань облысында тарихи және этнографиялық жәдігерлерден «Атыраудың айшықты мұралары сыр шертеді» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

2011 жылы 17-19 мамырда «Тәуелсіздік кезеңіндегі өлке тарихын насихаттаудағы мұражайлардың рөлі» атты аймақтық семинар-кеңес өткізілді.

2011 жылы 27 тамызда Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаев атындағы «Әскери даңқ» мұражайы бөлімшесі ашылды.

2011 жылы 23 қыркүйекте Халық батыры И.Тайманұлының 220 жылдығына байланысты Исатай ауданында «Елдік пен теңдікті аңсаған» атты ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды.

2011 жылы 30 қыркүйекте Қазақ КСР-інің халық артисі Д.Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған «Қазақ күйінің ханшайымы» атты көрме өткізілді.

2011 жылы 28 қазанда ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы қорынан«Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» атты көшпелі көрме өткізілді.

2011 жылы 13 желтоқсанда мұражайдың «Тәуелсіздік» экспозициялық залы салтанатты түрде ашылды.

2011 жылы 15 желтоқсанда «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы» атты желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу кеші өткізілді.

2012 жылы 3 мамырда Халық қаһарманы Х.Доспановаға арналған «Қиғашта туған қыран қыз» атты көрме өткізілді.

2012 жылы 18 мамырда «Мәдени мұра-ұрпаққа жыр-ән» атты жергілікті айтыскерлердің айтысы ұйымдастырылды.

2012 жылы 19 маусымда АҚШ-тың Мемлекеттік Смитсон мұражайлар кешенінің өкілі Доктор Пол Тэйлор семинар-тренинг өткізді.

2012 жылы 27 қыркүйекте Алашорда қайраткері Ж.Досмұхамедовтың туғанына 125 жылдығына орай «Алашорда-тәуелсіздік бастауы» атты көрме жасақталды.

2012 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның халық жазушысы, академик З.Қабдоловтың 85 жылдығына орай «Ұстаз. Ғалым. Қаламгер» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

2012 жылы «Таскешу керуен сарайында» және Қылыш ІІ қорғанында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы 22 сәуірде Атырау облысы мәдениеті мен өнерінің Маңғыстаудағы апталығында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ғасырлардан сыр шерткен-Атырау» атты көрмесі өткізілді.

2013 жылы 2-16 мамырда Нарын құмына барлау экспедициясы жүргізілді.

2013 жылы 26 қыркүйекте «Тәуелсіздік жолындағы қайсар күрескер» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2013 жылы 23 қазанда «Сен жалғыз емессің» акциясы аясында С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық балалар үйінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2014 жылы 30 қаңтарда физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Нью-Йорк Ғылым Академиясының академигі Х.С.Сейтовке арналған «Ұлылықтың барлығы ұлағатты ұзтаздан» атты көрме ұйымдастырылды.

2014 жылы 25 ақпанда «Әңгіме арқауы-тарих» тақырыбында мұражайда қазіргі заманғы қазақ тарихының өзекті мәселелерін оқып үйрену мақсатында мұражай қызметкерлері мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттері арасында семинар-тренинг өткізілді.

2014 жылы сәуірде Батыс Қазақстан облысындағы мәдениет күндеріне орай «Ғасырлардан сыр шерткен-Атырау» атты көшпелі көрмеге мұражай қорындағы 270 дана жәдігер шығарылып, экспозиция жасақталды.

2014 жылы 16 тамызда ҚХР-нан Италия елінің Рим қаласына дейінгі «Шелковый Путь-Лонг Марч-2014» автоэкспедициясы жол бағытының Атырау облысы аумағынан өтуіне орай автоэкспедицияға қатынасушылар мұражайда болды.

2014 жылы 7 қазанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер, күйші, әнші, сахна шебері, қара сөздің мергені Нариман Үлкенбайұлының дүниеге келгеніне 75 жыл толуына орай «Нар тұлға, сөз зергері- Асыл аға, Нұр бейнең жалғасады ғасырларға» атты көрме мен еске алу кеші өткізілді.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жылжымалы көрме облыс аудандарына ұйымдастырылды.

2015 жылы 6 ақпанда Құрманғазы аудандық мұражайында Қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі, дарынды ақын, жерлесіміз Ж.Нәжімеденовтың 80 жылдығына орай «Ақынын ұмытпайды Атамекен» атты әдеби кеш өткізілді.

2015 жылы 9 ақпанда мұражай қорындағы құнды бағалы металдар Алматы қаласындағы Экспертиза және сертификаттау ұлттық орталығынан апробацияан өткізілді.

2015 жылы 20 ақпанда «Мұражай құндылықтарының есепке алынуы, сақталуы және пайдаланылуы» тақырыбында облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылып, жинақ шығарылды.

2015 жылы 26 наурызда Халықаралық театр күніне орай «Өнерімен биік шыңға асқақтаған» атты мұражай қорындағы Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының тарихына қатысты құжаттар мен қойылымдардың фотосуреттерінен және сахналық қойылымдарда киілген киімдерден көрме жасақталып, шара ұйымдастырылды.

2015 жылы 7 сәуірде «Өлке мәдениеті мен әдебиеті» экспозициялық залының ашылу рәсімі ұйымдастырылып, шараға облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов бастаған бір топ белгілі мәдениет саласының ардагерлері мен өнер иелері О.Қарасаев, И.Жақанов, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева қатынасты.

2015 жылы 7 сәуірде мұражай қоры дәулескер күйшілер Қ.Сағырбаев пен Д.Нұрпейісованың халыққа жетпеген күйлерін таныстырып, насихаттаушы күйші Әсима Ізмұхамбетованың, белгілі композитор, өнер зерттеуші И.Жақановтың, қоғам қайраткері И.Тасмағанбетовтың облыс мұражайына тапсыруға жолдаған дәстүрлі күйші Камал Мақайұлының және Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, ақын, өлкетанушы-шежіреші Мақсот Ниеталиевтің домбыраларымен толықты.

2015 жылы 16 сәуірде ұлы ақын, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық – мұражайы қорынан «Хакім Абай ұлағаты» атты көшпелі көрме және ақындармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

2015 жылы 12-15 мамырда Халықаралық мұражайлар күніне орай Атырау облысының тұрғындары мен қала қонақтарын өлкенің тарихы, мәдениеті, табиғаты, этнографиясы және археологиясымен тереңірек таныстыруда «Мұражай түні» апталығы өткізілді.

2015 жылы 12 маусымда мұражайларда мәдени шараларды ұйымдастыру тәсілдері және жәдігерлер негізінде баспа өнімдері мен коллекциялық каталогтарды дайындау жолдарын түсіндіру мақсатында «Мұражайларда мәдени шараларды ұйымдастыру және жәдігерлер негізінде баспа өнімдерін дайындау жолдары» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып, материалдар жинағы шығарылды.

2015 жылы 16-18 маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Атырау облысының мәдениеті күндеріне орай Шымкент қаласында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

2015 жылы 24 шілде – 24 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық мұражайында «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көшпелі көрме ұйымдастырылып, Астана қаласында аталған шараның ашылу салтанаты өткізілді. Көрмеге 796 жәдігер қойылды.

2015 жылы 4-30 қыркүйек аралығында Индер ауданындағы Борсық қорғандар тобына мұражайдың тапсырысымен «Беғазы-Тасмола» тарих және археология Ғылыми-зерттеу Орталығы ЖШС-нің ұйымдастыруымен қазба жұмысы жүргізілді.

2015 жылы 11-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени шараға Атырау облысы атынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.

2015 жылы 5 қарашада Маңғыстау өлкесіндегі Отпан шоқысында орналасқан Ақсарай мұражайы жәдігерлерін Атырау облысының халқына насихаттау мақсатында «Тамырлы тарих-Ордалы Отпан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

2015 жылы 20 қарашада «Мұражайлық құндылықтарды экспозициялар мен көрмелерге ғылыми дайындаудың әдістемесі және көрермендердің жас ерекшеліктеріне байланысты экскурсия ұйымдастырудың түрлері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

2015 жылы 26 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздіктің негізін қалаған-Елбасы» атты көрме ұйымдастырылды.

2016 жылы 16 қаңтарда мұражайда ақылы қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында «Неке қию» салтанатының алғашқы шарасы өткізілді.

2016 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

2016 жылы 4 наурызда Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш орда автономиялы үкіметінің төрағасы публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы» атты тарихи тағылымдық сабақ өткізілді.

2016 жылы 11 наурызда Бөкей ордасының 215 жылдығына орай «Бөкей ордасындағы Жәңгір ханның саяси тұлғасы» тақырыбында тарихи-танымдық сабақ өткізілді.

2016 жылы 15 маусым -15 шілде аралығында Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы қорынан Қазақстанның аймақтарында «Облыстардың апталары» аясында Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық – мұражайында «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрмеұйымдастырылды.

2016 жылы 25-27 шілдеде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей-сенің қалаңда» атты мәдени тур өткізілді

2017 жылы 17 ақпанда Атырау облысының Құрметті азаматы Е.Тасқынбаевтың 85 жасқа толуына орай "Еңбегімен еленген тұлға" атты көрмесінің ашылуы және кездесу кеші өткізілді. 

2017 жылы 3 наурызда Айтыскер ақын Қарасаева Жәнбибаның 70 жылдығына арналған "Қазақтың жырға құмар бір қызымын..." атты кездесу кеші ұйымдастырылды. 

2017 жылы 30-31 наурызда Мемлекеттік музейлердің экскурсия жүргізушілері арасында "Үздік экскурсия жүргізушісі - 2017" байқауы өткізілді. 

2017 жылы 18 мамырда домбыра аспабын жасаушы шеберлердің I-аймақтық "Үкілі домбыра" сайысы өткізілді

2017 жылы 26 мамырда Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай "Алаш тағылымы және Тәуелсіздік" тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

2017 жылы 16-17 шілдеде "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында "Мұнайлы ел, шырайлы ел - Атырау" көрмесі ұйымдастырылды. 

2017 жылы 17-20 шілдеде "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ""Этноауыл" көрмесі ұйымдастырылды.  

 2017 жылы 11-12 қыркүйекте Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабақтары өткізілді. 

2017 жылы 27 қыркүйек-27 қазан аралығында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде  "Тарихы терең - Атырау" көрмесі ұйымдастырылды. 

2017 жылы 20 қазан-20 қараша аралығында "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен "Тарихи Түркістан" көрмесі өткізілді. 

2017 жылы 21маусым-10 шілде аралығында Қызылқоға ауаданы Миялы қорғандарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы шілде-тамыз айларында Ортағасырлық Ақтөбе Лаэти қаласына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.  

2017 жылдың тамыз-қазан айларында Ортағасырлық Сарайшық қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы 8 қарашада "ИБН БАТТУТАНЫҢ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫМЕН САЯХАТЫ: МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫ АЛҒА БАСТЫРУ" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

2017 жылы 30 қарашада Индер аудандық музейінің жаңа экспозициясының ашылу рәсімі өтті. 

2017 жылы 26 желтоқсанда Елтай ауылдық музейінің жаңа экспозициясының ашылу рәсімі өтті. 

2017 жылы 25 желтоқсанда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына және ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Тәуелсіздік тағылымы" көрмесі ұйымдастырылды. 

2018 жылы 31 қаңтарда "Домбыра - дастан" кітабының таныстырылым шарасы өткізілді

2018 жылы 24 ақпанда Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Сейілхан Құсайыновтың 90 жылдығына орай "Өнердің өресін кеңейткен" көрмесі мен еске алу кеші ұйымдастырылды. 

 2018 жылы 17-18 ақпанда Халық банкінің 95 жылдығына орай "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. 

2018 жылы 21 ақпанда Миялы қорғандарына, "Сарайшық", "Ақтөбе-Лаэти" қалаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы көшпелі көрме өтті.

2018 жылы 6 наурызда "Сыңғыр шолпы шашбауың, жарасады таққаның" облыстық бұрымды қыздар сайысы өткізілді. 

2018 жылы 16 наурыз "Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері"  Халықаралық форумы аясында этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабақтары өткізілді. 

2018 жылы 6 сәуір Алматы қаласы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде "Құрманғазы домбырасы музей сахынасында" уақытша көрмесі ұйымдастырылды. 

2018 жылы 13 сәуірде "Батаменен ел көгерер" Батыс аймақтық бата берушілер байқауы ұйымдастырылды. 

2018 жылы 11 мамырда Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Музей, кітапхана ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына" облыстық фестивалінің үздіктерін марапаттау шарасы өтті. 

2018 жылы 18 мамырда Халықаралық музей күніне орай "Музейлік квест - 2" интеллектуалды байқауы ұйымдастырылды. 

2018 жылы 11 маусымда Ши тоқу шебері Жанар Қарабалинаның шеберлік сағаты өткізілді

2018 жылдың 25 маусым - 5 тамыз аралығында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы және Астананың 20 жылдығына орай Түркістан облысы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорынан "Киелі Отырар мәдени мұралары" көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. 

2018 жылы 30 маусымда Астана қаласының 20 жылдығы, Атырау облысының 80 жылдығы және 1шілде - Ұлттық домбыра күніне орай музей қорынан "Астананы құттықтайды - Атырау " көшпелі көрмесі ұймдастырылды, 

2018 жылы 1 шілдеде Ұлттық домбыра күнініе орай  Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Домбыра - ата көзі, баба мұра" атты облыстық фестивалі аясында музей қорындағы домбыралар коллекциясынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.  

2018 жылдың 13 қыркүйегінде "Отбасымен музейге" фестивалі ұйымдастырылды.  

2018 жылы 11 қазанда "Сен жалғыз емессің" акциясы аясында "Күзгі бал" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. 

2018 жылы 31 қазанда Атырау облысының Құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, Қазақстандық инвестор, өңіріміздегі мұнай компанияларының құрылтайшысы, Атырау облысы әкімшілігінің бірінші басшысы – Сағат Қашқынұлы Түгелбаевтың 70 жасқа толуына арналған «Ер мерейі – ел мерейі» кездесу кеші мен көрмесі ұйымдастырылды.

 2018 жылы 31 қазанда Облыстық "Өнегелі әже" байқауы өткізілді

2018 жылы 21 қарашада Облыстық "Осындай болсын келінің" байқауы өткізілді. 

2018 жылы 29 қарашада Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай "ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ - ҰЛЫ МҰРАТ ЖОЛЫНДА" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

2018 жылы 13 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Зейнолла Серіккалиевтің 80 жылдығына орай "Сарабдал сынның сардары" республикалық конференциясы ұйымдастырылды. 

2018 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысының Құрметті азаматы Қатимолла Ризуановтың 80 жасқа толуына орай  "Тұғырлы тұлға" шарасы ұйымдастырылды. 

2018 жылы 24 желтоқсанда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына орай "Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолы бойымен саяхаты, мәдениеттер арасында диалогты алға бастыру" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

2018 жылы 4 желтоқсан - 2019 жылы 20 қаңтар аралығында РФ Калмыкия Республикасы, Элиста қаласындағы Н.Н.Пальмов атындағы ұлттық музейінде "Ұлттық қолөнер - ұлт қазынасы" көшпелі көрмесі  өткізілді.

2018 жылы  21 желтоқсан - 2019 жылы 20 қаңтар аралығында ӨР Ташкент қаласындағы Өзбекстанның қолданбалы өнер тарихы және қолөнершілер мемлекеттік музейінде "Ортағасырлық Сарайшық қаласы" көшпелі көрмесі өткізілді. 

 

 

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі 10:00 - 18:00
Жексенбі 10:00 - 18:00

Кассаның жұмыс уақыты:
10:00 - 17:30

Әр айдың соңғы жұмасы тазалық күні