Табылды Зұлқанов

1954-1957 жылдары  Атырау облыстық тарихи–өлкетану музейінің  директоры қызметін Табылды Зұлқанов атқарған.  Музей қорындағы Атырау облыстық мемлекеттік архивінен алынған №1051 қордың  №1 тізімдемесіндегі мәліметтерге сәйкес Т.Зұлқанов басшылық еткен жылдары жасалған жұмыстар туралы көптеген мәліметтермен танысуға болады.

Т.Зұлқанов музейде қызмет атқарған жылдарында қорға жәдігерлер жинақтауға көп көңіл бөлген.  Сол жылғы музей қорындағы жалпы жәдігер саны 287 сақтам бірлік құраса, оның 81 жәдігері музей мамандарының іздестіру, жинақтау жұмысы барысында қабылданған. Бұл жәдігерлердің 28-і табиғат, 20-ы революцияға дейінгі, 47-і тарих, 154-і кеңестік құрылыс бөліміне бөлінген.  

1954 жылғы музейдегі кітап қоры 503 дана құрап, 1949 жылмен салыстырғанда   37,6 %- өскенін ал, 1957 жылғы қабылдау актісінде қорға 1044 жәдігер қабылданып, жалпы қор саны 1954 жылмен салыстырғанда 78 %-ға өскендігін көрсетеді.  

1954 жылғы музей қызметкерлерінің құрамы 

200

1954 жылға Музей Кеңесі мүшелерінің құрамы 

 

300

 

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС