Хаирова София Хаирқызы

София КаироваХаирова (Өзбекқалиева)  София  Хаирқызы  (1929-2007)

1929 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Сайқын станциясында дүниеге келген.  Ресейдің Волгоград  облысына  қарасты  Палласовка  станциясында татар мектебінен екі сыныптық  білім алады. 

1947 жылы  Гурьевтегі  (Атырау) Жамбыл орта мектебін бітіріп,  1947-1948 жылдары  Гурьев педагогикалық училищесін және 1948-1950 жылдары Ақтөбедегі оқытушылар институтын үздік бітіріп тарих пәнінің мұғалімі дипломын алған.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін  1950 жылы Маңғыстаудағы Таушық деген жерде орта мектепте 8-10 сыныптарға  тарих пәнінен сабақ беріп,  еңбек жолын бастаған.

С.Хаирова 1951 жылдың 18 тамызынан 1953 жылдың тамыз айына дейін Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында   директор қызметін атқарған.

1953-1959 жылдары Доссорда орта мектепте, 1959-1963 жылдары  Форт-Шевченкода С.М.Киров  орта мектебінде  тарих пәнінен сабақ береді.

1963 жылы Маңғыстау облысының Ақтау (бұрынғы Шевченко) қаласында  №2 орта мектепте тарих пәнінен сабақ беріп, 1964 жылы Ақтауда қалалық партия комитетіне статистік жұмысқа орналасады.

1967 жылы «Маңғышлақтрест» басқармасының  кітапханасына жұмысқа ауысып, зейнеткерлікке шыққанға дейін, кітапханашы болып қызмет атқарған.

София  Хаирқызы  басшылық еткен жылдары музей қорына 1950 жылы профессор Ә.Марғұланның басшылығымен Сарайшық қалашығына жүгізілген қазба жұмыстары барысында табылған «Алтын Орда» кезеңіне жататын жәдігерлер қабылданған.

1951 жылы  ғылыми қызметкер Горелов Иван Захарович Ж.Жабаев,  Куйбышев, Киров, атындағы орта мектептердің оқушыларына 10 дәріс,  музей ішінде ұйымдастырылған дәріс саны -3. Дәрісті барлығы 300 адам тыңдаған.  

София Хаирқызы туралы сіңлісі Фазила Хаирқызының естелік жазбасынан үзіндіде:

«1951 жылдың тамызында София апай сол кездегі Гурьев облыстық музейіне директорлық жұмысқа шақырылады. Апайдың айтуы бойынша «Өзінің үздік бітірген тарихшысың, жұмысқа белсенді, білімді, ынталы жас мамансың деп» - музейге жұмысқа тағайындап, 1951 жылғы тамыз айынан 1953 жылғы тамыз аралығында қызмет атқарды. Музей іші жұпынылау болды. Алматы, Жамбыл қалаларының музейлерінде іс-сапарда болып, тәжірибе алмасып, музей жұмысын жандандыра бастайды. Өзі де музей қызметкерлерімен бірге ел арасынан ескілікті бұйымдар, киімдер, камзол, оюланған шапан, зергерлік бұйымдарды жинап жүргендігі менің есімде» - делінген.

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС