Головин Алексей Петрович (Сен-Чон-Лион)

А.Головин

1901 жылы Қытайдағы Аньхуей провинциясында дүниеге келген.  Ұлты қытай,   білімі жоғары.  

1908–1913 жылдары ауылдағы бақташылар жұмысында, 1913–1927 жылдары Шанхай қаласындағы Сан–Ю-Ши тоқыма фабрикасында тігінші–жұмысшы болып жасаған. 1925 жылы Қытай комсомолына, 1926 жылы Қытай Коммунистік партиясы қатарына қабылданып, фабрикада астыртын ұйымның хатшысы  болып жұмыс жасаған. 1927-1928 жылдары Мәскеуге оқуға жіберіліп, Сталин атындағы Шығыс Еңбекшілерінің Коммунистік университетінде  қысқа мерзімді бір жылдық соғыс–саясат дайындығы курсын бітірген.

1929-1931 жылдары Сретен округінің комитетінде инструктор,  1931–1932 жылдары Мәскеуде Халықаралық Ленин мектебінде оқыған.  1932-1934 жылдары Мәскеуде қызметкер, 1934 –1935 жылдары Ленинград қаласындағы «Красный Восток» колхозында партия ұйымдастырушысы (парторг) қызметтерін атқарған.

 1936 жылы Ленинградтан  Шығыс университетін, 1941 жылы Крупская атындағы Ленинградтық Коммунистік саясаттанушылық институтын бітірген.

Ресейдің Халық ағарту комиссариатының  Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатына  жіберуіне байланысты,  Головин Сен – Чон жолдамамен  1941 жылы  Атырау  облысы тарихи-өлкетнау музейінің директоры қызметіне тағайындалып, бұл қызметте 1942 жылға дейін жасаған.

 Атырау облыстық мемлекеттік архивінен алынған №1051 қордың  №1 тізімдемесіндегі мәліметтерге сәйкес Алексей Головин басшылық жасаған кезде айына екі рет ғылыми-зерттеу және өндірістік жиындар өткізу,  кітапхана каталогын құрастыру, музей жәдігерлерін толықтыру, номерлеу бойынша да бірқатар жұмыстар жоспарланған.

1941 жылғы жылдық есеп бойынша музейде 24 көрме, 130 лекциялық сабақтар мен кездеу кештері ұйымдастырылып, музейді барлығы 16634 көрермен тамашалаған. 

Ал, сол уақыттағы музей директорының жалақысы 500 рубль болса, ғылыми қызметкердің еңбекақысы 700  рубль болған.

головин

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС