Байшеркесов Тайыр Сүлейменұлы

Тайыр Байшеркесов1940 жылдың қыркүйек айынан бастап директорлық лауазымға  Байшеркесов Тайыр Сүлейменұлы тағайындалған. Ол 1906 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының 5-ауылында дүниеге келген. 1914-1917 жылдары Матешск орыс-қырғыз бір сыныптық училищесін, 1925 жылы Орал педагогикалық техникумын бітірген.

1925–1927 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Илек қаласында (Орынбор), Ордада, Ганюшкинде комсомол аппаратында, экономика бөлімінің меңгерушісі, аудандық Жастар Одағы Комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.

1927–1929 жылдары Мәскеу Мемлекеттік журналистер институтын бітірген. 1930 жылы Астрахань қаласында «Кедей тілі» газетінде хатшы, Марфино селосында  сауат ашу инспекторы,  Алматы қаласында «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс жасаған. 

1931–1932 жылдары Түркменстан ССР-і, Ашхабад  қаласында әскер қатарында болған. 1932–1937 жылдары Алматы қаласында «Қазақ орталығында» бөлім меңгеруші, «Социалистік Қазақстан» газетінде Батыс Қазақстан облысы  бойынша тілші қызметін атқарған.

1937–1939 жылдары Орал қаласындағы, Батыс Қазақстан облыстық музейінде, 1939-1940 жылдары Атырау  облысы тарихи-өлкетану музейінде ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған.   

Тайыр2

Фото музей архивінен 

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС