Қасымов Әндіржан Жармұханбетұлы

касымов1897  жылы  Гурьев (Атырау) облысы,  Теңіз (Құрманғазы)  ауданы, Нұржау ауылында дүниеге келген. 1905-1911 жылдары Ганюшкиндегі екі сыныптық  орыс–қырғыз  училищесін, 1912-1915 жылдары  Ордада  4  сыныптық училищенің  екі жылдық  мұғалімдік курсын  бітірген.

1916–1917 жылдары  Ганюшкин селосындағы ауыл мектебінде, 1917–1918 жылдары Нұржау ауылындағы Қаракөл мектебінде меңгеруші, 1918–1919 жылдары  Ганюшкин аудандық білім беру басқармасында инструктор, 1919–1920 жылдары  Нұржау ауылындағы  Шағырлы мектебінде меңгеруші, 1920–1925 жылдары Ганюшкино селосында Коммунал мектебінде  оқытушы, 1925- 1926 жылдары Шағырлы бастауыш мектебінде, 1926–1927 жылдары Дәшін бастауыш мектебінде, 1928–1929 жылдары Малды бастауыш мектебінде меңгеруші, 1929–1930 жылдары Ганюшкин селосында Коммуналь мектебінде  оқытушы, 1930–1931 жылдары  Өлеңді мектебінде меңгеруші,    1931–1934 жылдары Ганюшкин орта мектебінде, 1934-1937 жылдары  Жилкосин орта мектебінде, 1937-1940 жылдары  Гурьев қаласындағы Орджоникидзе орта мектебінде,  1940-1942 жылдары  Гурьев қаласындағы  Жамбыл  орта мектебінде директор болып  қызмет еткен.  

1942-1943 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің   директоры, 1942 – 1944 жылдары Орджоникидзе бастауыш орта мектебінде  оқытушы,  1944–1946 жылдары  Кудряшов, Абай  орта мектептерінде директор қызметтерін атқарған.

 «Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалім» Ә.Қасымов 1935 жылы  «Қазақстанға  ХV жыл» төсбелгісімен, «За доблестный труд в Великой Отечественной войне» медалімен және  округтік, облыстық, аудандық, өлкелік орталықтар тарапынан да бірнеше рет марапатқа ие болған.

 Атырау облыстық мемлекеттік архивінен алынған №1051 қордың  №1 тізімдемесіндегі мәліметтерге сәйкес  Әндіржан  Қасымов басшылық еткен жылдары музейдің барлық бөлмелерінің аумағы 160кв метрді құраса, штаттық кесте бойынша музейде 6 қызметкер (директор, 2 ғылыми қызметкер,  3 ғылыми-техникалық қызметкер) жұмыс жасаған.

 1942 жылғы  жалпы қаржылық кіріс есебі бойынша 30198,49 рублді құраса, оның ішінде 23700-і бюджеттен, ал 6498,49-ы көрермендерден түскен қаржы соммасы деп  көрсетілген. Сол жылғы жұмсалған қаржының жалпы есебі 29885,45 рубль, оның 18283,21-і қызметкерлердің екбек ақысына, 11602,24-і әкімшілік және басқа да шығындарға жұмсалған.   

1943-1951 жылдар аралығында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде басшылық еткен директорлар

Аты-жөні Басшылық еткен жылдары
1 У.Терлецкий 1943-1944  жылдары
2 Шалабаев Әбдірахман 1944 - 1945 жылдары
3 Әжіғұлов Нұрышбай 1945-1946 жылдары
4 Катков 1947 жылы қазан айында
5 Капкаев Хамза 1947 жылы қараша айында
6 Хакимов Г.А. 1947-1948 жылдары
7 Кәкішев Г 1948-1949 жылдары
8 Аманшаева Қалы Есқазықызы 1948 – 1950 жылдары 
9 Ақтанов Сәбен Сопақұлы 1950  жылдары
10 Дәулетова Зәмзәм 1951 жылы

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС