Аманшаева Қалы Есқазықызы

калыАманшаева Қалы Есқазықызы  (1919 -2006)

1919 жылы  Гурьев (Атырау)   қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1937 жылы Маңғыстау ауданындағы 12 – ауылда бастауыш мектептің мұғалімі болып бастаған. Форт – Шевченко  қаласының Баутин  және Оңды атындағы мектептерінің  директоры қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысы  жылдарында партиялық қызметке жіберіледі. 

1943–1948 жылдары Таушық кентіндегі аудандық партия комитетінің  партия кабинетінің меңгерушісі, Форт–Шевченко аудандық партия комитетінің әйелдермен жұмыс жөніндегі хатшысының орынбасары, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық балықшылар Одағының әйелдермен жұмыс бөлімінің нұсқаушысы жұмыстарын жасаған.

Қалы Есқазықызы 1948 – 1950 жылдары  Атырау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында директор, 1950–1954 жылдары облыстық кинофикация басқармасына қарасты «Жұлдыз» кинотеатрының директоры, «Демалыс үйінің» мәдени қызметкері, Н.Островский (қазіргі Ғ.Сланов) атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы қызметтерін атқарған.

Қ.Аманшаева «КПСС қатарында 50-жыл» төсбелгісімен, «Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 55 жылдығына арналған медальдарымен және Жеңістің 55–жылдығына орай  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке сыйлығымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

1950 жылығы 1 қаңтарына айына  сәйкес музей қызметкерлерінің сапалық құрамы                                                           

Аты-жөні Туған жылы Атқараған қызметі Айлық еңбек ақысы Ұлты
1 Қалы Аманшева 1919 Директор 790 қазақ
2 Хамза Капкаев 1910 Ғылыми қызметкер 640 татар
3 А.В.Петииннер 1925 Есепші 360 орыс
4 Кострикина 1895 Тазалықшы 210 украин
5 Балушкина 1928 Бақылаушы (контролер) 160 орыс

 

Қалы Есқарақызының 1950 жылы 26 наурызда Алматы қаласына жіберген «1949 жылғы музейдің жылыдық есебінде» музейде үш бөлімнің жұмыс (табиғат, революцияға дейінгі, совет үкіметі кезіндегі) жасайтындығы, олардың жылдық және тоқсандық жоспар бойынша жұмыстары түгелге дерлік орындалғандығы, кітап қоры 314 сақтам бірлікті құрайтындығы, сонымен қатар музей ғимаратының ескіріп, тозғандығы, оған жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі, 1950 жылға бюджеттен жөндеу жұмыстарына 4000 рубль қарастырылғандығы, экспозициялық залдарда  жылу  жүйесінің болмауына байланысты жәдігерлерді сақатау қиындық тудырып отырғандығы және  экскурсавод маманы мен күзетшінің  жоқтығы (мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмауына байланысты)  айтылып,  1950 жылы музей жұмысын жандандыру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлу және қызметкерлердің  еңбекақысын өсіру туралы ұсыныс берген.  

1950-1951 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде басшылық еткен директорлар

Аты-жөні Басшылық еткен жылдары
1 Ақтанов Сәбен Сопақұлы 1950  жылы
2 Дәулетова Зәмзәм 1951 жылы

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС