Қызыл кітаптың шығу тарихы, Қызыл кітаптың Қазақстанда шыққан алғашқы басылымдары және өлкеміздегі жойылып бара жатқан кейбір жануарлар мен өсімдіктердің түрлері туралы музейдің биолог маманы Мұхамбетқалиева Эльмира Қабесқызының «Қызыл кітап құпиясы» тақырыбындағы видео-дәрісі

Миялы қорғандар тобына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары, тарихи құнды жәдігерлерінің зерттелуі, музей экспозициясына қойылуы туралы Экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің маманы  Каримов Айдос Қуанышкерейұлының онлайн-дәрісі 

 

 Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналады. Ғалымның ғылыми еңбектеріндегі асыл құндылықтарды насихаттау мақсатында Жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Айеркем Жамбылқызының онлайн-дәрісі

Халқымыздың біртуар перзенті, қоғам қайраткері, талантты, көпқырлы әмбебап ғалым Халел Досмұхамедұлының медицина ғылымы үшін атқарған еселі еңбегін, бір кездері тарихта обамен күрескен дәрігердің өмір жолын насихаттау мақсатында Бас қор сақтаушы Айгүл Тілешқызының «Халел Досмұхамедов – қазақ медицинасының негізін қалаушы» тақырыбындағы видео-дәрісімен таныс болыңыздар.  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2013 жылдан бастап  «Жас экскурсоводтар» клубы жұмыс жасап келеді.  Ондағы басты мақсат – жас ұрпаққа ата-бабамыз қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері ретінде туған өлкеміздің тарихын  таныстыру арқылы,  өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттыру,  мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру және халық алдында именбей сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, сөздік қорын байытуға,  жалпы экскурсиялық қызметтің қыр-сырын үйрету.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіндегі тың жобалардың бірі 2016 жылы басталған «Музейлік квест» интелектуалды ойыны. Қазіргі уақытта бұл жоба облыс көлеміндегі тарихи құндылықтарды насихаттайтын үлкен телевизиялық жобаға айналып отыр.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы Айдана Мурсалимова сәуір-мамыр айлары аралығында Атырау өлкесінен шыққан ұлы тұлғаларды көпшілікке насихаттау мақсатында "Ұлтқа ортақ - ұлы тұлғалар" тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. 

2020 жылы 7 сәуір күні Экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің маманы Каримов Айдос Қуанышкерейұлы музейдің фейзбук желісіндегі парақшасында «Музей құндылықтары izi.TRAVEL мобильді қосымшасында» тақырыбындағы онлайн-дәріс өткізді. Дәріс музейлер мен қалаларға арналған ақысыз izi.TRAVEL аудио-гид қосымшасына арналды.  

 

АК1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласы  аясында,  «Туған жер-тұғырым» атты өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест-4» интелектуалды ойынының жаңа маусымы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі

Батага фотоҚазақ үшін батаның қасиетті ұғым болғанына лиро-эпостық жырлар мен көркем шығармаларға арқау болған жастардың өмірі дәлел. Онда ата-анасының ақ батасын алмай қосылған екі жас мақсат-мұратына жете алмайды. Мысалы, "Қыз Жібек" жырындағы Төлеген әкесінен теріс бата алып, Жібекке қосыла алмай, арманда дүниеден өтеді. Сондықтан жаңа отау көтеріп, өз алдына түтін түтеткен жас жұбайларға ата-анасы ауылдағы қадірлі қарттар мен білікті кісілерді шақырып, отауларынан дəм тат қызып, ақ баталарын беріп отырған.

 каш 2 Елімізде болып жатырған COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын-алу шараларына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 18 наурыздан белгіленген жоспарлары бойынша қашықтықтан (дистанц) жұмыс жасау тәсілімен (үй жағдайында) қызмет атқаруда. Осы орайда музей көрермендерінің де жағдайы ескерусіз қалмады.

Аба0Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Жайық» спорттық-мәдени кешенінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының Атырау облысы бойынша салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

кенес2Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ағымдағы жылдың 6 ақпан күні сағ 11-де Кеңес мәжілісінің І - отырысы өтті.  Кеңес отырысына кеңес мүшелері, музей қызметкерлері және ғылыми кеңестің арнайы қонағы  Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың туысы О.Нысанбаев қатынасты.

 гасыр 12Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекітуіне орай 31 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «GASYR» еріктілер клубының ашылу салтанаты өтті.

сабак 32020 жылы 23 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар: Атырау облысының киелі жерлері» дәріс сабағын өткізді. Дәрісте орта мектеп оқушыларына  Атырау өңіріндегі маңызы бар қасиетті нысандар, археологиялық ескерткіштер, оларда жүргізілген қазба жұмыстары, табылған жәдігерлердің музей экспозициясында насихатталуы туралы айтылды. Дәріс жас ұрпаққа қасиетті нысандарды таныту, көне тарихымызға деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жүргізу үшін орталық басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

2019.72020 жылы 16 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru