18 наурыз «Игі істер күніне» орай көшпелі көрме ұйымдастырылды

18 наурыз «Игі істер күніне орай» Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін арнайы «Біз біргеміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің негізгі мақсаты ерекше жандармен айрықша жұмыс жасау, инклюзивті қоғамды қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихын тануға үйрету.

Игі істер күніне орай ұйымдастырылған көрме барысында ерекше балалар музей қорындағы этнографилық жәдігерлермен, зергерлік бұйымдармен, тері, ағаш, жез ыдыстардың коллекцияларымен, ат-әбзелдерімен, қазақ халқының қару-жарақ жиынтықтарымен, сонымен қатар өлкемізде кездесетін жан-жануарлардың тұлыптарымен, өлке тарихын сыр шертетін тақырыптық планшеттермен танысты.

Музейден арнайы ұйымдастырылған көрмені ерекше ықыласпен қарсы алған орталық ұжымы өз тәрбиеленушілерін көрмеге ұлттық нақыштағы киімдермен және қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен кіргізді. Орталық тәрбиеленушілер ұлттық мұрамызды айшықтайтын құнды жәдігерлерді үлкен қызығушылықпен тамашаласа, орталық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдеуге ат салысқан музей ұжымына ризашылықтарын білдірді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru