Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлігін насихаттауға арналған апталық қорытындыланды

боранЖылма-жыл дәстүрлі түрде Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейінде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлік көрсеткен күніне орай ақпан айының басында түрлі шаралар өткізу үрдіске айналған.

Биылғы жылы да Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейі Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туғанына 103 жыл, ерлік жасағанына 78 жыл толуына орай “Ер есімі – ел есінде” тақырыбымен 6-11  ақпан күндері аралығында апталық өткізді.

Мақсаты: Отан үшін жанын қиған батыр ерлігін өзі дүниеге келген елді мекендегі жас ұрпаққа үлгі ете отырып, оның есімін мәңгі есте сақтап құрмет тұтуға үйрету, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Апталық ішінде

6 ақапан күні облыстық музейдің фейзбук және инстаграм желілері арқылы көпшілікке “Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында Боран Нысанбаевтың өміржолы мен ерлгі баяндалатын видео экскурсия көрсетілді. Онлайн форматта ұйымдастырылған экскурсияны әлеуметтік желі арқылы 387 көрермен тамашалады.  

7 ақпан күні “Боранда туып, боранда өлген боздағым” атты қашықтықтан ZOOM бағдарламасы арқылы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен тәрбиелік шара өткізілді. Шара барысында Боран Нысанбаевтың өміржолымен ерлігі жөнінде мағлұмат беріліп, Батырға арналған бейнебаян көрсетілсе,  оқушылар өз тарапынан Батырға арналған өлеңдерін оқыды                          

                                                    

 

8 ақпан күні “Ерлікке тағзым” атты Боран Нысанбаев атындағы орта мектебіне көшпелі көрмесі жасақталды. Көрмені мектеп ұстаздары мен оқушылары тамашалады. Батырдың өміржолы, майдандағы ерліктері жөнінде әрбір құнды жәдігерлерден құралған бұл көрмеде батырдың жеке фотосуреті, өз қолымен жазған хаты(көшірме), мақтау қағазы, әкесі, бауырларының фотосуреттері, ерлік жасаған жері Орел облысы, Покровск ауданына барған делегациялардың фотосуреттері, мақала қиындылары және кітаптар орын алды. Көрмеге жалпы 33 жәдігер қойылды.

боран апталык 1 боран апталык 2 

боран апталык 3

 боран апталык 4

9 ақпан күні Б.Нысанбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары “Біз Боранның мұрагеріміз” атты қашықтықтан батырға арналған өлеңдері оқыды.

10 ақпан күні “Ерліктің жарқын беттері” атты қашықтықтан ZOOM бағдарламасы арқылы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің 7-8  сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді. Шара барысында Боран Нысанбаевтың өміржолымен ерлігі жөнінде мағлұмат беріліп, Батырға арналған бейнебаян көрсетілді.

11 ақпан күні Ерлік ешқашан ескірмейдіатты  ZOOM бағдарламасы арқылы 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресейдегі Орел облысы, Покровск ауданындағы Боран атамыздың ерлік жасаған жеріне барып келген, тағызым ету құрметіне ие болған, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Гүлайым Мұқанқызы мен Боран Нысанбаев атындағы орта мектебінің үздік түлегі  Перизат Бейбітқызымен кездесу кеші өткізілді. Кешке Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

боран апталык 6 боран апталык 5

Қаншама жылдар өтсе де отан үшін кеудесін оққа тосқан батырдың ерлігі ешқашан ескірмейді, керісінше жаңғыра, жаңара бермек.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru