Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде кадрлық өзгеріс

музейАтырау облысы тарихи-өлкетану музейінде кадрлық өзгерістер болды.
  Музейдің Бас қор сақтаушысы лауазымына Бисембаева Динара Аманжолқызы тағайындалды. Динара Бисембаева 1993 жылы 20 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін туризм мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Атырау облысы тарихи – өлкетану музейіне зал қараушы қызметіне қабылданып, жалпы және қазіргі заманғы тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, ғылыми қор бөлімінің музей қорын сақтаушысы, экскурсиялық–бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсоводы, 2020 жылың наурыз айынан бастап экскурсиялық–бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып қызметін атқарды.
   Осы жылдар ішінде Д.Аманжолқызы халықпен байланысты орнату, тарихи-танымдық сабақтар мен мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру, ұлттық салт –дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қайта жаңғырту мақсатында музейдің экспозициялық залдарына тақырыптық экскурсиялық қызметтер жүргізу, Атырау облыстық қарттар мен мүгедектер үйіне, қала және облыс мектептерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастыру сынды жұмыстарды аса жауапкершілікпен атқарды.
динара

Ал, Экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымына Тілекқабылов Ерлан Қоныскерейұлы тағайындалды. Ерлан Тілекқабылов 1992 жылы 16 ақпанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында дүниеге келген. 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, тарих-филология факультетін бітірген. Еңбек өтілі –6 жыл. Ерлан Қоныскерейұлы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне 2014 жылы экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің әдіскері болып қабылданып, 2019-2020 жылдар аралығында археология ғылыми-зерттеу секторының маманы болып қызмет атқарды.

Осы жылдар ішінде Е.Қоныскерейұлы мәдени-ағарту, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға белсене араласып, экспозициялық залдарды жасақтау, тұрақты және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру жұмысын жауапкершілікпен атқарып, музеефикация, археологиялық қазба жұмысы, ғылыми зерттеу жұмыстарына жоғары ізденіспен қатысты.

ерлан

Әріптесімізге жаңа қызметтік лауазымда толағай табыстар тілейміз!

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru