Тарих керуені

«Тарих керуені» осындай тақырыпта аудандық музейлер бір-біріне бейнесаяхат жасады. Жылдық жұмыс жоспарға сәйекс аудандық музейлер өздеріне жақын орналасқан өзге аудандық музейлерге көшпелі көрме ұйымдастыру көзделген болатын.

Алайда, елдегі төтенше жағдайға байланысты аталмыш шараны тек  онлайн түрде ғана ұйымдастыруға мүмкіндік болды. 12 - 28 қараша аралығында Құрманғазы аудандық музейі мен Исатай аудандық музейі бір-біріне саяхаттаса,  4 қараша күні Индер аудандық музейі «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тақырыбында Махамбет ауданы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына онлайн видео - экскурсия ұйымдастырды. Көршілес ауданның тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылған онлайн экскурсияны музей мамандарымен қатар аудан тұрғындары да тамашалады. Жартысағаттық бейнесаяхат барысында аудан тарихының жылнамалары, сол өлкеде дүниеге келген асыл перзенттерінің өмірдеректері, музейдің  экспозициясынан орын алған тарихи жәдігерлер көрсетілді.

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС