«Қазақстан бір ұлысқа шаңырақ»

7 қазан күні  Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Этнография бөлімінің маманы Т.Ғилажова  «Қазақстан бір ұлысқа шаңырақ» тақырыбында онлайн экскурсия ұйымдастырылды. 

Экскурсия барысында көрермендерге Ассамблеяның 25 жылдығына орай арнайы жасақталған экспозициялық зал таныстырды.  

Музей қорында ұлтаралық өзара татулықтың нышанын айшықтайтын жәдігерлер қоры аз емес. Ал, биыл қор бөлімі тағы грузин, дағыстан және өзбек этномәдени бірлестіктерінің ұлттық саз аспаптар коллекциясымен толықты. Жәдігерлерді музей басшысы Р.Хариповаға «Иверия» грузин этномәден бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе, «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Акмал Амиров, «Каспий» дағыстан этномәден бірлестігінің төрағасы Гадис  Гаджиев  табыс етті.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru