Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейінің ашылу салтанаты өтті

Индер ауданы, Көктоғай ауылдық округінде 2020 жылдың 8 қазан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Б.Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» бөлімшесінің ашылу салтанаты өтті.
 

Жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес Б.Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейін заманауи үлгідегі жаңа техникалармен жабдықтау мақсатында музефикация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Музей экспозицияда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты деректер, Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың өмірі мен ерлігіне құрылған диарамалар, Б.Нысанбаевтың бейітінен алынған топырағы, снаряд жарқыншағы, КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы, барлығы 10 тақырыптық-экспозицияда 300-ден астам жәдігер орын алған. 
            
 
Музей залында көрермендердің қосымша ақпарат алуы үшін ақпараттық киоскі мен 3Д проекторлар орнатылған. Салтанатты шараға қатысқан Индер ауданының әкімі М.Ж.Қалауи аталмыш музейдің ашылу салтанатымен құттықтап, өз ризашылығын білдірсе, Атырау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ризуанов рухани орынның өскелең жас ұрпақ үшін тигізер пайдасы туралы айтып өтті. Батырдың інісі-Оңдасын Нысанбаев ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіріп, музей қорына батырдың ерлігін растайтын тарихи құжаттарды табыс етті.
Сондай-ақ шараға Ш.Сариев атындағы өнер музейінің басшысы Т. Орынбасарұлы, Индер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Қ.Нұриев, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ж.Тілепқалиева, батырдың туған-туыстары, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
 

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС