Аймақ басшысы М.Досмұхамбетов тарихи жаңалықтың куәсі болды

1 2Қазақстан аумағында тұңғыш рет кездесіп отырған тарихи құндылықпен арнайы танысу үшін Атырау облыс әкімі Махамбет Досмұхамедов Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде болды. 

1 2

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің мамандары маусым-шілде айларында Миялы қорғандар жүргізген қазба жұмысы барысында басынан аяғына дейін өте ерекше үлгіде темір сауытпен жабдықталған, ұзындығы 175 см, қабірінің ұзындығы 2м 40см, ені 80 см  болатын ер адамның мүрдесін тауып,  арнайы тасымалдау арқылы музейге әкелген болатын. Әзірге мүрде жанынан ұзындығы 1 метр болатнын семсер, жебе ұштары мен қорамсабы, қалқаны, патера, сүейекпен өрнектелген ат әбзелдері табылып отыр.  

 imgonline com ua Resize nT9YgUVejxVun

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық дәрежедегі қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбековтің айтуынша: «Қазақстанда дәл осы іспеттес тарихи құндылық әлі бірді-бір рет табылған жоқ. Мүрденің басынан аяғына дейін темір сауытпен жабдықталуына қарағанда, оның жауынгер болуы әбден мүмкін».

imgonline com ua Resize mSeHzTOIJFrH7

Табылған тарихи құндылықтың құндылығын жойып алмау үшін музейдің археолог мамандыры «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының қызметкерлерімен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Рентген және металл іздегіш құрылғылардың көмегімен жасалған зерттеу нәтижесі бойынша алтын, темір, сүйектен жасалған бұйымдардың бар екенін анықталды.

imgonline com ua Resize FzRtwgDkN4r13

Алдағы уақытта табылған жәдігерлердің тарихи құндылығын анықтау мақсатында арнайы сапараптамалар, антропологиялық, ДНК-лық зерттеулер жүргізіліп, зерттеу нәтижесі бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Жұмыс уақыты

Құрметті сайт оқырмандары! 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап көрермен қабылдап бастады.Музейді тамашалау кезінде санитарлық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС