Ғылыми қор жұмысы

кж1 1 Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде өлке тарихының ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайты

н материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Ғылыми қорда түріне, материалына қарай біріктірілген музей заттары 20-дан астам коллекцияларға бөлінген.

 Барлық ғылыми бөлімдердің негізгі жұмысы музей қорымен тікелей байланысты және бұл жұмыс музей заттарын есепке алу, сақтау, ғылыми тіркеу, ұдайы толықтыру, ғылыми паспорттау мен зерттеуге бағытталған.

Дәл қазіргі уақытта ғылыми бөлімнің қызметкерлері қыркүйек айында өткізілген қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы  барысында қабылданған жәдігерлерді есепке алу үшін олардың ерекшеліктері, материалы, дайындалу техникасы сынды негізгі белгілеріне байланысты ғылыми сипаттамаларын жазып, түгендеу-тіркеу жұмыстарын жүргізуде.  

Сараптама барысында музей қорына «Археологиялық экспертиза» ЖШС-нің 2017 жылы Жылыой территоиясындағы «Теңіз» кен орны аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра орындарында жүргізілген археологиялық қазба барысында табылған 1917 жылдардарға тиесілі гильзалар (гильза от винтовочного патрона) мен балық аулауға пайдаланылған салмақтас, Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қалпына келтіру лабораториясында қалпына келтірілген Аралтөбе қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қару-жарақ түрлері, балық аулау үшін пайдаланылған құралдар және одан бөлек музейде ұзақ жылдар уақытша көрмелер үшін пайдаланылған саз аспаптары мен картиналар өзге де тарихи құндылықтар тұрақты қабылданды.

Сонымен қатар музейде қорға түгендеу тексеру жұмыстары ғылыми бөлімдердің мамандарының бірлесуімен әлі де жалғасуда.   

кж1 1 кж1 16 

 кж1 12 кж1 3

кж1 9 кж1 11

кж1 5 кж1 7

кж1 8 кж1 13

кж1 4 кж1 10

кж1 2 кж1 15

кж1 6

кж1 14

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru