Музей көрермендерін қабылдауды қайта бастады

 Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Атырау облысы тұрғындары арасында короновирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қарасты шаралар туралы" 11.09.2020 жылғы №65 қаулысына сәйкес  2020 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі және музейге қарасты қалалық, аудандық, ауылдық бөлімшелер көрермен қабылдауды қайта бастады.   

Естеріңізге салсақ Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен оған қарасты барлық бөлімшелер елдегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың наурыз айының 18-нен бастап көрермен қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.  Арадағы ұзақ уақыттан кейін музей өз көрермендерімен қайта қауышып, алғашқы күні музей залдарын 28 көрермен тамашалады. 

Экскурсия барысында көрермендерге каратнитдік уақытта қайта жасақталған музей  залдарындағы жәдігерлер тарихы таныстырылды.

Музей белгіленген режимде күн сайын төмендегі кестеге сәйкес демалыссыз жұмыс жасайды.  Көрермендерді қабылдау кезінде ссанитарлы-дизинфекциялық режим талаптары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелері қатаң ескерілетін болады.  

Дүйсенбі 10:00 - 18:00
Сейсенбі 10:00 - 18:00
Сәрсенбі 10:00 - 18:00
Бейсенбі 10:00 - 18:00
Жұма 10:00 - 18:00
Сенбі ДЕМАЛЫС
Жексенбі ДЕМАЛЫС
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес музей сенбі-жексенбі күндері көрермен қабылдамайды. 
ссылка  бастықтың видеосы 14 қыркүйекткгі 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru