Ғылыми Кеңес мәжілісінің І-отырысы

кенес2Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ағымдағы жылдың 6 ақпан күні сағ 11-де Кеңес мәжілісінің І - отырысы өтті.  Кеңес отырысына кеңес мүшелері, музей қызметкерлері және ғылыми кеңестің арнайы қонағы  Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың туысы О.Нысанбаев қатынасты.

 Осыдан тура 77 жыл бұрын 6 ақпан күні Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлікпен қаза тапқан күні болуына орай Кеңес мүшелері батырдың рухына тағызым етіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер:

І.  Ғылыми  кеңестің  жаңа  құрамымен таныстыру, ғылыми Кеңес ережесі  мен  жоспарын бекіту.  С.Газимова – басшының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.

ІІ. Б.Нысанбаев атындағы Әскери Даңқ музейіне музеефикация жұмысын жүргізуге орай,  көрмелік жобасын таныстыру. А.Рамазанова – Бас қор сақтаушы. 

ІІІ. Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылатын Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның Ақпараттық хатын бекіту.  А.Байтұрсынова – Жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі.

ІҮ. Өзгеде ұсыныс пікірлер тыңдалды.

Музей басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары                                                                С.Газимова  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанындағы ғылыми кеңес мәжілісін ашып, қатынасушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен,  ғылыми  кеңестің  жаңа  құрамымен, кеңес ережесімен, жоспарымен және ғылыми кеңестің арнайы қонағы Батырдың туысы О.Нысанбаевты таныстырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Бас қор сақтаушы А.Рамазанова – Б.Нысанбаев атындағы “Әскери Даңқ” музейіне музеефикация жұмысын жүргізуге орай,  көрмелік жобасын таныстырып өтті.

Үшінші мәселе бойынша Жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі А.Байтұрсынова – Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылатын Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның Ақпараттық хатымен таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, өз ойларын ортаға салып, мындадай қаулы етті.

  1. Б.Нысанбаев атындағы “Әскери Даңқ” музейіне жүргізілетін музеефикация жұмысының концепциясы бекітілсін.

2.Б.Нысанбаев атындағы “Әскери Даңқ” музейі орналасқан Көктоғай елді мекенінің жол бойына музейдің орналасқандығын көрсететін көрсеткіш белгі орнатылсын. 

3. Б.Нысанбаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында облыстық деңгейде мектеп оқушыларына арналған конкурс ұйымдастырылсын. 

4. Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылатын Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның Ақпараттық хаты бекітіліп, таратылсын деп қабылдады.

Кеңеске барлығы 19  адам қатынасты.

кенес1 кенес2

кенес3 кенес4

кенес5 кенес6

кенес7 кенес8

Жұмыс уақыты

15 сәуір күні сағат 10.00-де ашылады. 

Құрметті желі қоданушылары !

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты музей 15 сәуірге дейін көрермендерді қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге береміз