«ATYRAU-KVEST» тележобасы

квест2Бүгінде көпшілік арасында танымал болған квест-ойындары музейлік-педагогикалық қызмет аясында музейдің мәдени-білім жұмыстары бойынша осыған дейінгі алғашқы екі маусымы орта, арнаулы және жоғары білім ошақтарының оқушылары және студенттерімен өткізілсе, одан кейінгі екі маусымы БАҚ өкілдері және мәдениет қызметкерлері арасында квест-ойындары ұйымдастырылды. Бұл жолы аудитория әр түрлі салада жүргізілетін жұмыстардың жаңа түрі арасында таңдалды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастау алып,  ағымдағы жылдың қаңтар айында іріктеу кезеңі ұйымдастырылған «ATYRAU-KVEST» тележобасына барлығы 17 команда қатынасып, солардың ішінен 7 команда іріктеліп, келесі айналымға жолдама алды.

Музей қорындағы тарихи-мұраны насихаттау мақсатында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Қазақстан-Атырау телеарнасымен бірлескен «ATYRAU-KVEST» тележобасының  іріктеу кезеңі ақпан, наурыз айларына,  жартылай кезеңі   сәуір айына,  ақтық кезеңі мамыр айына жоспарланып отыр. Бұл жолғы   жеңімпаз команда Абай Құнанбайұлының жүріп өткен жолына саяхатқа бару мүмкіндігіне  ие болады.

Квест - бұл бас қатырар ой жұмбақтарға құрылған тапсырмаларды орындау.  Бағдарламаның негізгі мақсаты түрлі сынақтар арқылы музейдегі тарихи-археологиялық, этнографиялық құнды жәдігерлердің тарихын  ұғындыру және командалар арасында өзара достық, сыйластық   қарым - қатынасты  қалыптастыру . Барлық қатынасушыларға тарихи-археологиялық, этнографиялық жәдігерлерге және құндылықтарға қатысты 8 тапсырма дайындалды. Кезең бойынша тапсырмалар әр түрлі бағыттағы сұрақтарды қамтып, байланысын тауып, әріптерден сөз құрау, жұмбақтар, мәтінді  жалғастырып жазу, жасырынған жәдігерді табу, фрагмент арқылы жәдігерді табу сияқты тапсырмалар берілді.

Үш кезеңге жоспарланған  байқаудың  бірінші кезеңі 20 қаңтар күні басталып, бағдарламаның алғашқы қатынасушылары «Caspian news» телеарнасы командасы «Хан Ордалы-Сарайшық» музей-қорығында, «Пікірсайысшылар» командасы Шармардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің экспозициялық залдарында ұйымдастырылған квест ойындарының тапсырмаларын орындады.

27 қаңтар күні «Атырау пікірсайысшылар орталығы» командасы Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында, Атырау облыстық «Төтенше жағдайлар департаменті»  қызметкерлері командасы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында берілген квест ойындарының тапсырмаларын орындады.

квест1 квест2

квест3 квест4

квест5 квест6

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru