«GASYR» еріктілер клубының ашылу салтанаты

 гасыр 12Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекітуіне орай 31 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «GASYR» еріктілер клубының ашылу салтанаты өтті.

Облыстық музейдің басшылығымен құрылған «GASYR» еріктілер клубының негізгі мақсаты - музей ішінен көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасынының балаларына және студенттерге би, домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелерін ашу арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.

 Салтанатты шараға Қазақстанның Халық әртісі, би ханшасы Талпақова Гүлжан Ізімқызы, ҚР мәдениет қайраткері Мнаура Төлегенқызы Габдушева, Хореограф-ұстаз Жаскенова Сәуле Даниярқызы, Хореограф-ұстаз Ғатауов Талғат Ғазизұлы, Атырау облысының бас хореографы, «Атырау–Балет» студиясының жетекшісі Байкенова Гүлсина Гарифжанқызы, «Атырау–Балет» студиясының тәрбиеленушілері мен «Шексіз таланттар» мектеп-театрының мүшелері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. 

 Атырау өңірінде дүниеге келіп, қазақ биін әлем сахнасына шығарып, талантымен дүниежүзі халқын дүр сілкіндірген белгілі хореографтармен бас қосқан жиында  «Атырау-Балет» студиясының кішкентай бишілері өнерлерін көрсетіп, өнер  саңылақтары шараға қатысушы көрермендермен әдемі сұхбат өрбітіп, пікір алмасты. 

 «GASYR» еріктілер клубындағы Атырау облысының бас хореографы, «Атырау–Балет» студиясының жетекшісі Гүлсина Гарифжанқызының жетекшілігімен өткізілетін би үйірмесінің алғашқы жұмысы 2020 жылы 8,15 ақпан күндері Атырау облысы тарих-өлкетану музейі ғимаратында сағат 10.30-да басталады.

гасыр 6 гасыр 3

гасыр 8 гасыр 1

гасыр 10 гасыр 5

гасыр 11 гасыр 12

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru