3D

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жүргізу үшін орталық басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

  1. Персоналды басқару, 2019 жылы музейдің штаттық кестесі 101,5 штат бірлігін құрады.

Оның ішінде бос лауазымдарға 12 қызметкер қабылданып, 11 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды;

  1. Мүдделер қақтығысы – 2019 жыл ішінде мүдделер қақтығысы болған жоқ;
  2. Музей жарғысы негізінде 4 қызмет түрі көрсетіледі:

       - Кәсіпорын қызметінің мәні – музей коллекцияларын жинақтау мен музей жәдігерлерін сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету болып табылады.

       - Кәсіпорын қызметінің мақсаты – Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасын түсіндіріп таратуды қамтамасыз ету, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

        -Кәсіпорын негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

     1. тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды, есепке алуды, жинауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

     2. тарих және археология бойынша іргелі, сондай-ақ қолданбалы сипатта ғылыми зерттеулер жүргізу;

     3. тұрғындарды ынтымақтастыққа тарту жолымен музей қорын толықтыру;

     4. кәсіпорын ақылы қызмет түрін көрсету, кіру билеттеріне, экскурсиялық қызметтерге, каталогтар, брошюралар, буклеттер, кәдесыйларды өндіру және сату және т.б. бағаны белгілеу, ал оның бағалар тізбесі Басқармамен келісіледі.

      4. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмлелерді жасауға құқылы емес.

Музей ұжымы жыл ішінде 2084 шара ұйымдастырып, шараға 107461 көрермен қамтылды. Музей қорлары 1452 жәдігермен толықты. Музейдің ақылы қызметінен 6388444 теңге қаржы түсіп, олар ішкі қажеттіліктерге жұмсалды.

 

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Атырау облысының Әділет департаментінің Атырау қаласының Әділет басқармасынан 2018 жылдың 4 мамырында мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілді.

Жергілікті бюджеттен – 85742000 тг.

Республикалық бюджеттен – 27218000 тг.

Мәдени – көпшілік шаралар – 210850000 тг.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар-108. Олар Атырау, Прикаспийская коммуна, Ақ жайық, Егемен Қазақстан, Айқын, Серпер, Дендер, Сахара газеттеріне, «Мерейлі Мекен» журналына жарияланса, Хабар, Қазақстан Ұлттық арнасы, Қазақстан-Атырау телеарналарында сұхбаттар беріліп, әлеуметтік желілердегі Atyrau-museum.kz, kazmuseum.kz, т.б. сайттарда, музейдің фейзбук, инстаграмм парақшаларында 345 жарияланым жарияланды.

Музейге басқарма арқылы келіп түскен және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Прокурорлық қадағалау актілері жоқ, сот актілері – болған жоқ.

Қорытынды: Музей бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес, музейде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігі анықталды.

Жұмыс уақыты

Құрметті әлеуметтік желі қоданушылары!

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты музей уақытша көрермендерді қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге береміз