3D

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.

2019.72020 жылы 16 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.


Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды
1. Ғылыми қор бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі мен 2020 жылға арналған жоспары, шетелдік музейдегі тәжірибесі – Б.Хасанова.
2. Археология бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары – Е.Тілекқабылов.
3. Индер аудандық музейінің атқарған жұмыстарының есебі мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары – М.Жалғасбаева.
4. Қызметкерлердің іс-сапарларға шығуы, тәжірибе алмасуы бойынша:
- Археологиялық қазба жұмыстары – А.Рамазанова, Е.Тілекқабылов
- Шет елдердің музейлерінде тәжірибе алмасу – А.Каримов, Б.Жұмабай
- Ішкі туризмді дамыту – А.Мурсалимова
5. Музейдің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі мен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары – С.Газимова.
Музей басшысы жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша музейдің бас қор сақтаушысы Рамазанова Айгүл Тілешқызын, музей қорын есепке алу секторының сектор жетекшісі Аймуканова Кумис Сатыбалдықызын, Этнография және өлке тарихын ғылыми- зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі Нұрпейісова Светлана Құспанқызын, Индер аудандық музейі бөлімшесінің меңгерушісі Жалгасбаева Майгуль Хамидуллақызын және Құрманғазы аудандық музейі бөлімшесінің экскурсоводы Садықов Нұрлан Тоқтарұлын Алғыс хатпен марапаттады.

2019.7 2019.6

2019.8 2019.5

2019.2 2019.4

2019.3 2019.1

 

Жұмыс уақыты

Құрметті әлеуметтік желі қоданушылары!

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты музей уақытша көрермендерді қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге береміз