Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы», өлкетанушы Мақсот Жолжановтың «Дала академигі» кітабының таныстырылымы

жол1Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 15 қаңтар күні ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша елі, жері үшін аянбай еңбек еткен біртуар тұлғаларды кеңінен насихаттау бағытында Жаратылыстану ғылымдары Акаде­миясының академигі, Құрманғазы ауданының «Құрметті Азаматы», өлкетанушы Мақсот Құмарұлы Жолжановтың музей қорында жинақталған ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілген «Дала академигі» кітабының таныстырылым шарасы өткізілді.

Академик бар саналы ғұмырын өлке тарихын зерттеуге арнаған. Ұлы күйші Құрманғазының өмір сүрген жылдарына қатысты деректерді алғаш рет нақтылай отырып, қауырсын қаламын қолынан тастамай, ғалымдарды еріксіз мойындатып, олардың көпшілігі бата алмаған тарих, өлкетану және топономика, тіл-әдебиет, фольклор саласында айтарлықтай өзіндік еңбегін қалдырып кеткен бірден бір ғалым.

Кітап 1. Туған өлке тарихының ғылыми зерттелуі, 2. Тарихи және әдеби атаулар мәні, 3.Топонимика әлемінің құпия сырлары, 4. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы, 5. Выписки продолжаются деген 5 бөлімнен тұрады. Кітаптың басты құндылығы ғылыми тұрғыда нақты дәлелденген жайттарды ғана қаламына арқау еткен.

Халықаралық дәрежедегі гроссмейс­тер, әлемге танымал шахматшы Михайль Тальдің шахмат есептеріндегі қателіктерін анықтап, мойындата білген, өлкетанушы, жаратылыстану ғылымдары Акаде­миясының академигі Мақсот Жоламанов халық игілігі үшін, ел пайдасы үшін адал қызмет атқарды.

Көпшілікке ұсынылып отырған бұл кітапта ұлы сазгер бабамыз Құрманғазының туған, дүние салған жылдарынын нақты дәлелдермен, айғақталған дәйекнамасы, қазақтың жыр жауһары «Қозы Көрпеш Баян сұлу» туралы тың зерттелген құнды жұмыстары, ел басына күн туған сәтте қайтас-қайсар ерлігімен, ерен еңбегімен кейінгі ұрпаққа өнеге бола білген сол аймақтың ардақты азаматтары туралы естеліктері, ой-толғамдары енгізілген.

Шара барысында сөз алған өлкемізге белгілі тұлғалар ғалым  туралы естелік әңгімелерімен бөлісіп, шараның маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алығысын білдірді. Кештің арнайы қонағы Мәдениет саласының үздігі, Н.Жантөрин атындағы филармонияның әртісі-М.Дәулетов ән шырқап, кештің сәнін қыздыра түсті.

 Атаулы шараға Облыстық ардагерлер кеңес төрағасының орынбасары С.Мұхамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиев, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-Қойшығұл Өмірұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Т.Дәрелов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Ақназаров Нұрдаулет, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, өлкетанушы, академик Өтепберген Әлімгереев, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы, өлкетанушылар А.Әміржанов, Е.Өміров, Н.Жантөрин атындағы  Мәдениет саласының үздігі, М.Жолжановтың шәкірті Қ.Түсіпқалиев,   сонымен қатар М.Жолжановтың інісі Ерқанат Жолжанов пен ұл-қыздары Күлән Мақстоқызы мен Марат Мақсотұлы және жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу ордасының студенттері мен ұстаздары, БАҚ өкілдері барлығы 80 адам  қатынасты.

жол2жол3

жол4жол5

жол6жол7

жол8жол9

жол1жол10

жол11жол12

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru