«2019 жылы музей қорына қабылданған жәдігерлер топтамасы» көрмесі

корме19.72019 жылы 25 желтоқсан күні жыл ішінде музей қорына қабылданған жәдігерлерді көрермендер назарына ұсыну мақсатында «2019 жылы музей қорына қабылданған жәдігерлер топтамасы» көрмесінің ашылуы өтті.

Ағымдағы жыл музей қоры үшін олжалы жыл болды. Себебі 5 рет қор сатып алу (қор іріктеу) комиссия отырысы өткізіліп, барлығы 1226 дана құжаттай және заттай жәдігер қабылданды. 

Көрмеге жеке коллекционер Берік Әлібайдан қабылданған ХІХ-ХХ ғасырлардағы зергерлік бұйымдар, Атырау облысы, Индер ауданынының тұрғыны Д.Әділовтың Жайық жағалауындағы Жалаңаш жар насос станциясы маңынан тауып алынған мамонттың жілік сүйегі, ХІХ-ХХ ғасырлардағы жез ыдыстар, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері, КСРО және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі А.Абдубайтова тапсырыс беру арқылы тіктірілген ұлттық киімдер, фольклор зерттеушісі, сазгер Е.Құсайыновтан қабылданған музыкалық жеті аспап, тарихшы, академик А.Шамғоновтан қабылданған 1800 - 1990 жылдары елімізде қолданыста болған монеталар мен қағаз ақшалар (банкнота), тауар алуға арналған чектер мен шетелдік ақшалар түрлері, Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти, Сарайшық қалашықтарына жүргізілген қазба жұмысы барысында және Нарын құмы аумағында жүргізілген зерттеу экспедициясы кезінде табылған заттай бұйымдар қойылды.  

Көрменің салтанатты ашылуына Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, Қазақстанның Құрметті журналисті Төлеген Жаңабайұлы, Атырау облысы тарихи және мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиев, Тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұхтар, Тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов, Ұлттық банк қызметкерлері, Қ.Дүтбаева атындағы атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, қала тұрғындары және қонақтары қатысты.

корме19.1 корме19.2

корме19.3 корме19.4

корме19.5 корме19.8

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru