«БАБАЛАР ҮНІН ЖАЛҒАҒАН...» кездесу кеші

ек1 22019 жылы 23 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ежелгі сақтар мен ғұндар дәуірінің мәңгілік әуенін жаңа ғасыр музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері Еділ Сейілханұлы Құсайыновпен кездесу кеші өтті.

            Ұрпақтар сабақтастығының негізі болатын кездесу кешіне Оқушылар шығармашылығы орталығының, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, музей қызметкерлері және Раушан Нұрпейсова атындағы II Республикалық қобызшылар конкурсының 1-орын иегері Айжарқын Жайыққызы қатысты.
Кездесу барысында Еділ Сейілханұлы өнері мен өмір жолы жайында сыр ақтарып, сазсырнай, сыбызғы,шаңқобызда өнер көрсетіп, көрермендері өнеріне тәнті етті. Шара соңында  этномузыкант халқымыздың киелі санайтын жеті санын ырым етіп, өзі қолданған жеті түрлі аспабын музей қорына сыйға тартты.

ек1 5 ек1 6

ек1 4 ек1 1

ек1 3ек1 2 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru