Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Жылыой ауданының күндері

жылыой 14ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы «Ұлы даланың ежелгі өнер және технология музейі» тармағына сәйкес Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  13 қараша күні «Ұлы дала тарихы»  Жылыой аудандық «Атамұра» музейінен көрме ұйымдастырылып, ашылу салтанаты болып өтті.

 Тарихы терең, қазынасы мол киелі кен Жылыой  өңірінің аудандық тарихи -өлкетану музейі 1976 жылы құрылған. Қазіргі таңда, музей қоры 5270 экспонатты құрайды.

Жәдігерлер арнайы Көрме залына «Жылыой қазына қоймасы», «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен», «Ұлттық  мұра өркениет қазығы», «Зергерлік бұйымдар», «Ел іші-өнер кеніші», «Жылыой - мұнайшылар мекені», «Ұрпақтары ұлығылаған - ерен еңбек»,  «Өнер саңлақтары – өлке мақтанышы»,  «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш инвесторы – Теңізшевройл» тақырыптарымен орналастырылды.  

Экспозицияныңың негізгі тақырыбын ашып көрсететін, музейдің құнды жәдігерлерінің бірі әрі бірегейі Аралтөбеден табылған «Алтын киімді адамның» гипстен жасалған мүсіні. Сондай-ақ, көрмеге Жылыой өңірінен табылған қазба-байлықтар, тарих қойнауынан  сыр шертетін белгі тас, Қайнар өзенінен, Қызылқорғаннан табылған қыш құмыралар, Сарықамыс елді мекенінен табылған  қола дәуіріне жататын қыш табақша мен шырағдан.  Сондай-ақ, ХVIII-XX ғасырларға жататын тарихи-мәдени ескерткіш, Республикалық дәрежеде қорғауға алынған, сәулеттік көркемдік деңгейі жоғары «Жұбан тамының» макеті, халық батыры, ағартушы, сәулетші, пірдің соңы «Бекет» атанған Бекет ата Мырзағұлұлының алғашқы мешіті «Ақмешіттің» макеті, Алуа Бисенғалиеваның жеке тұтынған сүйектелген шай сандығы, Республикаға белгілі мүсінші Серік Мәтениязовтың туындылары, ХІХ ғасырда сән-салтанатқа киілген әйел адамның ішігі, былғарыдан тігілген етігі, Ақілгек Хайруллинаның жеке тұтынған жүз теру алашасы мен құрулы тұрған өрмегі, «Қарашүңгілдің» макеті т.б. жәдігерлер, барлығы 270 дана жәдігер қойылды.

Салтанатты шараға Атырау облысы Қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов, ауданның «Құрметті азаматы» Мақсым Ізбасов, аудан ардагері Жолдыбай Тұрмағанбетов, Бақтыбай жыршының қызы Алма әжеміз, Мәдениет саласының қайраткерлері Гүлжан Талпақова, Алма Андарбаева, Абат Кенжеғалиев, мұнай саласының қызметкерлері зейнеткер Ерсай Қосанов, Мариям Қаражігітова, мәдениет және -нер саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатынасты.

Сонымен қатар шара барысында Жылыой және Қызылқоға аудандарының «Құрметті азаматы» Ізбасов Мақсым Шафихұлы бастаған бір топ аудан ардагерлері жас буын өкілдерімен дөңгелек үстелде аудан шежіресінен сұхбат өрбітті.

«Этнография» залында  Жылыой аудандық Жас техниктер станциясының «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Қуаныш  Шалабаевтың, крестеп тоқу шебері Берекет Акжигитовтың және шәкірті ІІІ топ мүгедегі Медет Әбеннің, Жылыой аудандық № 8 орта мектеп ұстазы, «Жас шеберлер» үйірмесінің жетекшісі, қыл арамен жұмыс шебері Беркин Утебаевтың, Құлсары балалар өнер мектебінің ұстазы, киіз басу өнерінің жаңа әдістері бойынша қолөнер бұйымдарын жасаушы Нұргүл Елтерезованың жасаған бұйымдарынын көрме ұйымдастырылып, аталған қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Аталған көрмелер 24 қарашаға дейін жалғасады.

жылыой 7 жылыой 13 

жылыой 22 жылыой 21 

жылыой 14 жылыой 9

жылыой 10 жылыой 18

жылыой 8 жылыой 11

жылыой 5жылыой 3

жылыой 16 жылыой 20 

жылыой 6 жылыой 4

жылыой 19 жылыой 17

жылыой 2 жылыой 1

жылыой 12 жылыой 15

 

 

 

 

 

  

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru