«Тіршіліктің тарихи дамуы» танымдық сабақ

тіршілік 4Атырау облысы тарихи –өлкетану музейі 12 қараша, 2019 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттеріне «Тіршіліктің тарихи дамуы» атты танымдық сабағын ұйымдастырды.

         Аталмыш шара  ҚР-ның Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының туған жер бағдарламасы аясында студенттерге  жердің даму тарихы, қалыптасу кезеңдері, тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар, жер ғаламшарының даму кезеңіндегі алғашқы фауна мен флораның қалыптасу ерекшеліктері жөнінде толық мағлұматтар беру мақсатында өткізілді.

Сабақ барысында жердің даму тарихы және тіршіліктің пайда болуы, жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері, тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар, алғашқы  пайда болған фаунаның даму ерекшеліктері

жөнінде мағлұматтар берілді. Студенттерге жер бетінде алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңдері, қалыптасуы, дамуы, әр кезеңде, дәуірде тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің негізгі түрлері, жердің даму тарихы жөнінде слайд көрсетілді. Шараға студенттер ерекше қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Сабаққа Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен ұстаздары, музей мамандары, барлығы 30 адам қатысты.

тіршілік 4 тіршілік 5

тіршілік 2 тіршілік 3

тіршілік 1

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru