«Экскурсия жүргізудің қағидалары» тақырыбында танымдық сабақ

лекция 8Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 24 қазан 2019 жылы экскурсиялық, бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айдана Мурсалимова мен музей экскурсоводы, «Үздік экскурсовод – 2017» Динара Бисембаева «Жас Қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының «Туризм және өлкетану» клубының мүшелеріне «Экскурсия жүргізудің қағидалары» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

 Аталған сабаққа №2 қалалық орталықтандырылған жүйесі мемлекеттік мекемесіне қарасты Жұмыскер қалалық кітапханасының меңгерушісі Өтегенова Динара, №2 қалалық орталық кітапхананың кадр маманы Серікқали Айдана, М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің және Атырау индустриалды колледжінің студенттері қатынасты.

Танымдық сабақ барысында Айдана Мурсалимова мен Динара Бисембаева жалпы экскурсовод мамандығына теориялық түрде толықтай түсінік берді. Әр қатынасушының экскурсия қызметіне деген қызығушылығын білу мақсатында  сұрақтар қойылып,  теориялық пен практикалық негізді қатар жүргізу арқылы маңызды сұрақтарға жауап берілді.

Танымдық сабақтың соңында Динара Бисембаева экскурсия жүргізуден мастер – класс көрсетті. Қатынасушылардың барлығы жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді. Барлығы 30 адам қатынасты.

лекция 4 лекция 1

лекция 2 лекция 7

лекция 5 лекция 3

лекция 6 лекция 8

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru