Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Индер ауданының күндері

индер1Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2019 жылдың 16 қазан күні  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында рухани құндылығымызды насихаттауға  бағытталған Индер ауданының  күндері өткізіледі.

   Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2019 жылдың 16 қазан күні  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында рухани құндылығымызды насихаттауға  бағытталған Индер ауданының  күндері өткізіледі.

         Салтанатты шараға ауданының бір топ Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, өнер және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедра студенттері, Алмалы орта мектебінің оқушылары мен білім ордасының  ұстаздары, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері  қатынасты.

Аудандық өнер мектебіне қарасты «Дендер-сазы» фольклорлық ансамблінің сазды сәлемімен басталған шара, ауданның қолөнер шеберлері Өтепқали Нәсіпқали мен Ерболат Қартабаевтың шеберлік сағаттарымен және аудан тарихы баяндалатын көрмемен жалғасты.

Салтанатты шара барысында сөз алған Өрлік ауылының әкімі Серік Ғабдығапарұлы мен ауданның Құрметті азаматы Бақытжан Әділұлы көненің көзіндей болған ұлттық мұраны облыс көлемінде насихаттап, ауданның тыныс тіршілігімен таныстыруға бағытталған шараның жас ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталса, аудан ардагері Қанзиба Өтеуліқызы тарихи құндылықтың басты насихаттаушысы ретінде музей ұжымна ризашылығын білдіріп, аудан аналары атынан алғысын айтты.

Аудан тарихынан сыр шертетін «Ұлы дала тарихы» көрмесіне ауыл шаруашылығы, білім саласы, әдебиеті мен мәдениеті, тарихи тұлғалары, өлке табиғаты, Индер борат кеніші мен кәсіпкерлік саласынан сыр шертетін 309 экспонат қойылып, көрмені аудандық музхейдің экскурсоводы Зәуреш таныстырды.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 16-27 қазан аралығында Аттырау облысы тарихи-өлкетану музейі залын тамашалай алады.

индер1 индер2

индер3 индер4

индер5 индер6

индер7 индер8

индер9 индер10

индер11 индер12

индер13 

 

индер14

индер15 индер16

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru