Қазақстанның халық әртісі, өте сирек кездесетін контртенор сарынды опера әншісі Ерік Құрманғалиевті еске алу кешіне көшпелі көрме

ерик 1Ағымдағы жылдың 5 қазан күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі, өте сирек кездесетін контртенор сарынды опера әншісі Ерік Құрманғалиевтің 60 жылдығы аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды. 

 Көрмеге Е.Құрманғалиевтің өмірі мен өнерінен сыр шертетін фотосуреттер, марапаттары, орден-медальдары, концерттерінің афишалары т.б. қойылды.

Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев 1959 жылы Атырау облысы, Құлсары қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген.

Бала шағында әкесінен айырылған Ерік орта мектептегі Гурьев (қазіргі Атырау) қаласынан бітірген. Ән айтуды өте ерте бастаған, радиодан естіген Людмила Зыкина, Ольга Воронец дауыстарын өзінің балалық альт дауысымен бейнелеген.

Алматы консерваториясында дайындау бөлімінде оқып жүргенде, оны тастап, Мәскеуге барып, Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институтына түсіп бітіреді. Институт қабырғасында оқып жүріп алғашқы концерттерін бере бастайды. 1980 жылы Д.Шостакович атындағы Ленинград филармониясы Үлкен залы сахнасында Антон Шароев оркестрімен бірге Перголезидің «Stabat mater» кантатасын орындаса,  Рождественский, Китаенко, Мансуров, Сондецкис, Башмет, Третьяков, Гринденко, Николаев сынды  дирижерлер меңгеруіндегі әйгілі оркестрлермен бірге бірталай рет сахнаға  шыққан. Гнесиндер институтын бітіріп Мәскеу консерваториясы аспирантурасында профессор Н.Дорлиактан біліктігін арттырады. Шеберлік жетілдіру сабақтарын И.Бьенер, А.Рейнолдс, Ф.Кертин, Р.Кэйселлидерден алады.

1987 ж. Хертогенбош (Нидерланд) қаласында өткен халықаралық жас әншілер конкурсында лауреат атанған.

1988 ж. Бостон қаласында өткен кеңестік саз фестивалінде жергілікті басылымдар Ерік Құрманғалиевті ғаламат феномен деп аңызға айналған опера әншісі Федора Барбиеримен салыстырады.

1992 жылы американдық драматург Девид Г.Хуанг «М.Баттерфляй» пьесасында Сонг Лилинг ролін орындаған үшін сол жылдың үздік актері атанады.

Альфред Шнитке шығармаларының тұңғыш орындаушы Е.Құрманғалиев болды: 2-ші симфония, 4-ші симфония, «Доктор Иоһанн Фауст хикаясы» кантатасы. «Рихтердің желтоқсанда саз кештері» деген халықаралық фестивалінің тұрақты қатысушысы болды. Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Литва, Қазақстан, Татарстан, Недерландия, Бельгия, Мажарстан, Югославия, Франция, Грекия,  Пьер Карден шақыруымен Париж сахналарына шықты.

2002 ж. қазанында Мәскеу консерваториясы Үлкен залында гала концерт берген.

2005 ж. Рустам Хамдамов түсірген «Вокальные параллели» (Әнмен қатарласу) деген фильмінде басты ролдерінің біреуін орындады.

2007 жылдың 13 қарашасында, Мәскеуде көз жұмды.

ерик 1 ерик 2

ерик 3 ерик 4

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru