«Табиғатты танимын» танымдық экскурсияның мәліметі

табиг225 қазан күні Атырау облысы тарихи – өлкетану музейіне келген М.Бекмұхамедов атындағы орта мектептің 150 оқушысына танымдық экскурсия жүргізілді. Музей экскурсоводтары алдымен оқушыларды топ – топқа бөліп,  музейдің экспозициялық залдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Әсіресе, этнография залында және коридор бойында орналасқан жануарлар мен жәндіктерге ерекше тоқталды. Балаларға жануарлар дүниесі туралы сұрақтар қойылып, тақырыпқа сай мақал – мәтелдер айтылды.  Экскурсоводтар тек түсіндірме жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, әртістік қабілеттерін көрсетіп, оқушылардың алдында үй жануарларының дауыстарын салып, олардың  іс – қимылдарын көрсетті. Осы әрекеттерді жасай отырып, оқушыларға жануарларды тауып беру тапсырылды.

 Мысалы, экскурсовод көкек құсының дауысын салып, оқушыларға дауыс арқылы құстың атауын атап, панорамадағы жануарлар арасынан тауып беру тапсырылды. Және де, ерте кезде көктем мезгіліндегі сәуір айы осы көкек құсының атауымен аталғанына да тоқталып өтті.

Оқушылар танымдық экскурсияға белсенді қатынасып, өздерінің үй жануарлары туралы да қызықты  әңгімелерімен бөлісті.

табиг1 табиг2

табиг3 табиг4

табиг5 табиг6

 

 

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru