«Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти» тақырыбында мектеп оқушыларына танымдық сабақ

саб0Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2019 жылы 17 қазан күні «Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти» тақырыбында мектеп оқушыларына  танымдық сабақ өткізді. 

 Сабақтың мақсаты: Тұңғыш Призидент Н.Ә:Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай орта мектеп оқушыларына Атырау өңіріндегі маңызды   археологиялық ескерткіштер, оларда жүргізілген қазба жұмыстары, табылған жәдігерлер, олардың музей экспозициясында насихатталуы туралы дәріс өткізілді. Жас ұрпақты тарихи ескерткіштерді қорғауға насихаттау, көне тарихымызға деген қызығушылықты ояту.

 Сабақты археология ғылыми-зерттеу бөлімінің сектор жетекшісі А.Каримов өткізді. Сабақ барысында Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты Атырау облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының 7 сынып оқушыларына Атырау өңіріндегі Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығы орындар туралы мәліметтер беріліп, өлке тарихы мәдени мұраларымыз туралы баяндалып, ортағасырлық облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы музей жәдігерлері көрсетілді. Сабаққа барлығы 15 оқушы  қатынасты. Сабақ соңында оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

саб0 саб1

саб2 саб3

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru